jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АК
    Айжан Калиева
    Бұрынғы қызметкер

    Меруерт Түсіпбаева "пәктігінен айырылған" бойжеткенге күйеуін алдауға кеңес берді

    : UGC

    Еуразия арнасындағы "Кеш қалмаңыз" бағдарламасына құпия қонақ ретінде келген Меруерт Түсіпбаева пәктігінен айырылған қызға күйеуін алдауға кеңес берді. Әнші жақын құрбысының басынан өткен хикаясымен бөлісіп, оның бүгінде бақытты өмір сүріп жатқанын мысалға келтірді.

    "Менің жақын құрбым болған. Ол өзге ұлттың жігітіне тұрмысқа шықпақ болады. Бірақ оған ата - анасы қарсылық танытады. Дегенмен ол кезде кеш болды, себебі қыз пәктігінен айырылған. Өзі сондай ақжарқын, тамаша қыз еді.  Маған ол әңгімесін айтып, мұңын шағатын. Содан ол өзге ұлттың жігітімен  тұрмыс құрмайды.

    "Қазақтың жігіттері мені алмайтын шығар",-  деп уайымдайтын. Күндердің күнінде ол қазақтың бір жігітімен танысып, Алматыдағы жалғыз пәктік жасайтын клиникаға барды.  Ол кезде оның құны $100 тұратын. Бұл оқиғаның бәрі менің көз алдымда өтті. Дәрігерлер "жуынба, секірме" деген ескерту жасайды екен. Бұл 15 жыл бұрын болған оқиға. Сол отаның арқасында ол бақытты болып кетті, бірақ сол кездегі достарымен араласпайды",- деді әнші.

    Құрбысының басынан өткен хикаясын баяндаған Меруерт бағдарламаға көмек сұрап келген қызға да "актриса болып, күйеуін алдау қажет" екенін айтты.

    " "Құларымды білсем, астыма жылы мамық қояр едім",- дейді орыстар. Мен өз  басымнан өткен оқиғаны айттым. Сол үшін мен айтамын алдау керек, түк етпейді. Алла тағала кешіреді!",- деді ол.

    Жүргізушінің "Ұлыңыз пәк емес келін әкелсе қалай қабылдайсыз?",- деген сұрағына әртіс баласының бақыты маңыздырақ екенін айтты.

    Эфирге басын ұстап шыққан тележүргізуші жұртты шошытты

    Ресейлік порно жұлдыз 2018 жылы президент сайлауына түспекші (фото)

    Рамзан Қадыров Мәскеудің қақ ортасында тұрған Ленинді жерлеуге шақырды

    ОҚО-да ішімдікке тойып алып қырғын салған шенді полицей қызметінен қуылды

    Шымкенттік қария елдің тұрмысын көтеру үшін Шыңғыс ханның қабірін ашуды ұсынды

     

    Меруерт Түсіпбаева "пәктігінен айырылған" бойжеткенге күйеуін алдауға кеңес берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.