RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Баян Мақсатқызының "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" телехикаясы эфирден алынып тасталды

Жарияланған күні:

"Қазақстан" ұлттық арнасынан көрсетіле басталған Баян Есентаеваның "Қозы Көрпеш- Баян Сұлу" телехикаясы көптеген қоғам белсенділерінің сұрауы бойынша эфирден алынып тасталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Жолымбек Мәкіш есімді желі қолданушысы хабарлады.

"Достар, «Қазақстан» арнасындағы Баян түсірген «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» фильмі енді қайтып эфирге шықпайтын болды. Осы жаңа ғана оны маған Ерлан Қариннің өзі хабарлап айтты. Ерланға да, бәріңізге де рақмет!", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Еске салсақ, бірнеше күн бойы аталған телехикаяның сценариі мен көркемдік мазмұнына көңілі толмаған бір топ журналист пен қоғам белсенділері "Қазақстан" ұлттық телеарнасының басшысы Ерлан Қаринге ашық хат жолдап, оның эфирден алып тастауын талап еткен болатын.

"Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жыры да - халқымыздың інжу-маржаны, жауһар қазынасының қатарына жатады. Енді мына сериалдағы кейіпкерлердің аузына салған сөздерді естігенде еңсең түскендей. Қыз басымен әкесінің бетінен алып, төсіне шапқан тасыр мінезді Баян: «Өздері өлейін деп жүрген жалаңаяқ кедейдің қай малын алмақсың?» деп, түйеден түскендей дүңк еткізеді. Әкесінің де оңып тұрғаны шамалы. «Байға беремін, бетімен кеткен қызыңды байы жөндесін, ұрын келсін!» деп айтатын жері тағы бар.

Қыз әкесінің аузына мұндай сөз салу сценарий жазған адамның «ұрын» дәстүрін білмейтіндігінен. Ұрын баруға қыз әкесінің тікелей қатысуы ұят саналады, демек сценаристің ұлттық салт-дәстүр жайлы білімі тайыз, дүбәра деген сөз. Баянның аузына «Қодарға тимеймін, əке-шешемнің өзі тиіп алсын» деген сөз салыпты. Тапа- тал түсте ұрын келген Қодардың қыз əкесімен едіреңдеп сөйлесуін, одан қыз отауына баса көктеп кіріп келуін қай ғұрыпқа жатқызуға болады? Мынау да сол Баян жайлы сериалдан үзінді: «Бағымыз ба – сорымыз ба, әйтеуір бізді еркектер билейді. Өміріміз солардың қолында».

Ол заманның қыздарында «еркек билейді» деген түсінік болмаған. Ол дәуірдің әйелдері еркекті пір тұтқан. Бүгінгі қыздарымыздың санасына мұндай көргенсіз ұғымды сіңіріп абырой табу қиын. Немесе мына бір тұсқа назар аударыңыз: «Құшағына өзі келіп құлаған қыздан бас тартатын қандай жігітсің?». Сериалдағы жігітке өзі асылған қыздың сөзі… «Сен бақытты болуға тиістісің» дейді, Баянды шығарып салып тұрып анасы. О заман да бұ заман, қазақ анасы кетіп бара жатқан қызына бұлай сөйлемеген, «Бір Аллаға тапсырдым», «Жаратқан Ием жар болсын», «Барған жеріңде бағың ашылсын» деген. Ал мынау барған жерін бақытты ететін емес, барған жеріне бақыт іздеп баратын, тәрбиесі кеміс ананың айтатын сөзі", - деп сынға алды журналист Қазыбек Иса.

Оның айтуынша, аз уақыттың ішінде бұл ашық хатқа 151 адам қол қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/1710385-baan-maksatkyzyny-kozy-krpes-baan-slu-telehikaasy-efirden-alynyp-tastaldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 40

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Аноним

Мен де жақында осы сериалдың бір эпизодын көріп қалдым. Баян мен Қозы ауылдың шетінде кездесіп отырған кезде, әкесі шешесіне Баянды тауып кел дегеніне, шешесі керек болса өзің тауып ал деп жауап беріп, күйеуінің бетінен алып төсінен шауып тұрғанын көрдім. Біздің аналарымыз бен апаларымыздың, ата әкелерімізге олай сөйлегенін көрмей өскен ұрпақпыз. Қазіргі жарымыз да өзімізге сый құрмет көрсетіп, дұрыс ишарат жасайтынын айтқым келеді. Кейбір көрермендер Алакөзова Баянды қорғап ,шын өмірде біздің қыздар ондай емес деген пікір білдіріп жатыр. Бұл жерде Лениннің "Важнейщим из исскуств является кино"деп айтып кеткен сөзін айтқым келіп отыр. Қазіргі заманда киноиндустрия тек қана көңіл көтеру саласы ғана емес, сонымен қатар өте жойқын үгіттеу насихаттау құралына айналғанын бәріміз білеміз. Кино арқылы сол халықтың салт дәстүрін, ерекшеліктерін, жақсы жаман жақтарын зерттеуге болады. Кино арқылы халықтың болашақ жастарына өзге, жат тәрбие беріп, өз халқының құндылықтарын ұмыттыруға оңай екенін өзіміз алысқа бармай ақ көріп отырмыз. Сондықтан осындай түсірілетін сериалдар, кинолар дұрыс тәрбие беруге бағытталуы тиіс деп ойлаймын. Бұл жерде менің ойымша Алакөзова Баянның өзінің тәрбиесі мен өмірдегі құндылықтарға деген көзқарасы, осы сериалдың алашасына тоқылып кеткен сияқты. Сондықтан ардақты ағайын абай болайық.

Comment reaction

Аноним

киноны Баян, әнші сымақтар, квншиктер түсіріп жатыр қайдан оңсын.

Comment reaction

Аноним

Дұрыс болған екен , өзін де біржола алып тастаса ғой

Аноним

пысық болсаңдар түрік пен үндінің сериялдарын құртыңдаршы өтініш!таза адамды бұзатын солардың киносы теледидар көруден қалдық, қосып қалсаң түрік, үнді одан қалса жарнама

Аноним

Бурынга ески Совет Одагы кезиндеги казак кино Кыз-Жибек сиякты тусирмейме, сол кино нагыз шедевр, нагыз казак салт дастурди корсетеди

Аноним

карап отырсам осылар казактын.тарихын.китабын.создерин билмеиди .еще кино шыгарады.урын келсиндеп ешбир аке кызына аитпаиды.осыданак олардын кандаи денгеиде екнин билуге болады.телехикаяны тегин бересалмаган шыгар.

Аноним

нагыз хикая нагыз хиякаяны жазамын деп озинин билимсиздин корсету .казир бари кино шыгарады.типти кинога уш каинаса сорпасы косылмаиды.карактарым ау ондаи тарихи деректкрди жазу ушин оздкрин салтты.созлерди.тб билсендер.осылар оздерин еще жулдыз санаиды.

Аноним

қазақтын жаухар дүниелерин Баян сияқты кім көрінген ойыншық етуге қақы жоқ. Министр Арыстанбек мырза, мәдениет пен өнердегі масқараны тиятын заң даярлау керек. Шұғыл түрде. Әйтпесе, рухани азып кетемәз

Аноним

енди баримиз калауымды жапсак нур устинен нур болар еди

Аноним

Осы баянды халық жауы деп атып тастаса да артық болмайтын шығар. Халықты азғындап болды, қазір ғой ештеме емес басқаларда да солай ғой деп елемеген боламыз. Ал болашақ оны басқаша қабылдайды, қазақтарда азғын халық екен ғой, байы бола тұра басқамен қыдыра береді, аузына келгенде айтады т.д. дегендей.

Аноним

Мәссаған, Баян Есентаева/Мақсатқызы/Алакөзова өзінің көзқарасымен түсірген екен ғой. Көрмегенім жақсы болыпты. "Бояушы, бояушы" десе, сақалын да бояпты" дегеннің кері екен нағыз. "Баян жақсы фильм түсіреді" десек, бұл жолы артық кеткен екен.

Аноним

Қайран желге ұшқан ақшалар ай, тарихи оқиғаны құртты, жеңіл желпі түсіре салған,тістеніп сөйлеп беті тыртық тыртық біреу жүр,қайта Қодарды еркек деп қаласың нағыз, базардағы көрпешелерді қәзіргі апарып қоя салған, ой сұмдықай,ақшаны шашып түсіртті,Баян жүр ол ақшаны итінің мойнына қыстырып

Аноним

Похоже никто толком и не смотрел фильм, тоже мне критики. во-первых надо определиться фильм для внутреннего потребления или для иностранцев для зарабатывания мани. Дело в том что, когда мы выпускаем для внутреннего потребления для иностранцев это совершенно не понятно, "почему девушка так не может ответить" как минимум закадровый голос должен обьяснить этот обычай и она обречена на провал за границей. Для постороннего человека мягко говоря героиня покажется глупой, а в художественном отношении требует дополнительного разьяснения. К слову хоть и запрет есть но в бытовом уроне все же девушки не молчат. Во-вторых время событий по одним источникам 5-век по другим 10-11 век ислам в степь еще не пришла, т.е какие мы в то время были хрен его знает, то что поэма написана или переделана в 13-14 веке не может не искажать историю, значится и толкование поэмы должна быть в руках художника.

Аноним

фильмы должны учить нацию к хорошему, особенно ее молодежь

Аноним

Бұл киноны емес Ана надан Жолжақсынов түсірген жалаңаш түйені шешетін киноны неге алып тастамайды мəдениетсымақтарынай өздерінше

Аноним

Шынымды айтсам, мен казак киноларын карамаймын, маган ешкайсысы да унамайды, менин денгейім жогары адаммын! Гульжанат

Аноним

«Өздері өлейін деп жүрген жалаңаяқ кедейдің қай малын алмақсың?» - баягынын казактары тугили, казирги казактар будан да соракы сойлейди, несине тангаламыз агайын, кери кетип барамыз, мәдениеттен журдаймыз, баягыда будан да турин айткан болар, бул нени билдиреди? Бул биздин казирги болмысымыз, комментарийларды окып, соз саптауларынан содан казирги казактардын бейнесин коруге болады!

Аноним

Мен Баян роліндегі актриссаны көріп-ақ киноның нашар түсірілгенін түсінгенмін, қарамадым да. Кинодағы Баян қап-қара, түк нәзіктігі жоқ, ақсүйектігі, тәрбиесі байқалмайды, киімі де нашар. Сол кездегі қыз емес, қазіргі қыздар сияқты. Қазіргі қыздар жаман деп тұрған жоқпын, бірақ ол кездегі қыздар басқаша болған.

Аноним

Шәмші туралы кино керемет түсірілген. қайта қайта көре бергің келеді, сондай режисерларға сеніп тапсыру керек тарихи кионларды

Аноним

Алып тастаганы кайда, осы кезде косыныздар каналды, болып жатыр!!

Аноним

И фильм-серила про великую Куляш тоже пересмотрите пожалуйста.....я считаю что фильм-сериал тоже надо запретить ибо там какие то не подтвержденные факты есть ... и необходимо снять новый хороший фильм поднимающий достойнство нашей великой женщины Куляш.

Аноним

Осы киноны көріп 3 күн ауырыдым, жас қыздар сөйлеу ,жүріп тұру манеріде келмейді,секең секең етіп,ол кезде қызға шолпы тағып соның сыбдырымен ғана жүрген ,ол қыздың алысқа кетпейтінін сол арқылы құлақ түріп біліп отырды,ал кинода қыз жігітті құшақтап сүйіп түнгі клубтағыдай, Қодар жүр едіреңдеп Баянның отауына кіріп шығып,сұмдық ,ол кезде қызыдың отауына анасы мен женгесі кіріді,қарауылы бар, БҰЛ КИНОНЫ АЛЫП тастаған ештеңе емес оны тексерілісін,қаржы қайда қалай кетті, кімге,неге кетті, мәселе сонда,асығыс 15 күнде қалай апыр топыр етті деп едік,Кариннің өзі барып көрді сол түсіріліп жатқанда,тарихшылар,советниктер,ғылми советниктер қайда ойбайййй давлением

Аноним

Дұрыс! Толық көргенімжоқ, бірақ арасында бір-екі жерін көзім шалып қалғаны бар, түк ұнамады. Көруге тұрмайды!

Аноним

маганасы жок кино кереги жок, онысызда кыздар абыройды шашып тогип жатыр когамда, еркиндикти котере алмай, кыдыру ишу темеки тарту шешину, енеге карсы шыгу, ажырасу норма болды гой казир.

Аноним

Өте дұрыс болған. Барлық телеарналарда осындай екшеу болса екен.

Аноним

Жақсы болған екен,онсызда осындай сауатсыз кинолар мен әндерден жалығып кеттік қой.Бұрынғыдай көркемдік кеңес болу керек қой.Маған бұл кино бірден ұнаған жоқ,себебі актриса қыз қазақ тілінде таза сөйлей аламайды.Ұят ай. Шынайы емес,жасанды екені бірден көрініп тұр.

Аноним

Мағанда көрген сәттен ұнамады,дұрыс болған екен көрсетпейтіндері

Аноним

турыктердын ана деген киносыда онып турган жок. осы казак озгеныкын зор озыныкын кор кореды неге

Аноним

Баянның жүрген жері айқай мен шу,мүлде кино саласына жолатпаңдаршы Баянды.Сол эстраданы қарық етіп алсын.

Аноним

Баян Мақсатқызы өзі қандай болса түсірген киносыда өзі сияқты. Оның Тарихтан хабары жоққой. Ондай тарихи кино түсірмей-ақ қойсыншы.

Аноним

Осындай киноны түсіруге, эфирге шығаруға кім рұқсат береді? Қазақтың дәстүрін, салтын, ұлттық құндылықтарын мазақ ететін мұндай киноны эфирге шығармақ түгілі, осылай кино түсірген продюсерді сотқа беру керек. Қазақтың ұлттық дәстүрі ойыншық емес, бұрмалай беретін. Баян өзінің деңгейін білмейді екен. Баянның деңгейі ұлттық киноны түсіруге жетпейді.

Аноним

уят, маскара, елдин алдында бети де, бедели жок продюсерсымактардын арзан, акша табу жолындагы киносымактарын толыгымен жою кажет, казак кыздары ер азаматты курметтеп, жан уясын сактап, баласын баптап, даласын сактаган.

Аноним

Қыз Жібектей қылып түсіре алмаса Қозы Көрпеш Баян сұлуға жақындамағаны дұрыс.Баянда да ұят жоқ екен,әлін білмей әлек болып қазақтың інжу маржанына қод салған,оған оқай-соқай жеңіл-желпі нәрселер жарамаған ба?Қайталанбас бұлбұл әншіміз Күләш апамыз туралы түсірген киносымағының ұсқыны анау...

Аноним

Ия көрдік,өте дөрекі түсірілген не мін жоқ,не мағына жоқ, сөйлеу тактикаларын айтпай қояйық ....

Аноним

казакша сойлей алмайтын, казак китабын окымаган надандарга тарихи омир жайлы туынды берилмеу керек, когам белсендилерин толык колдаймын, бизде намыс бар халыкпыз, эфирге елимизге карсы, когамды корлайтын, терис тарбиенин кажети жок.

Аноним

Дұрыс шешім бұндай кинолар қазақ халқының тарихына зиянын келтіреді

Аноним

Баянның өзін эфирг е шығармай тастаса да ештеңе етпейді

Аноним

Өте орынды болды. Дана халқымның дәстүрін, тарихын, құндылығын білетін асылдың сынықтары бар ғой осындай. Өте дұрыс жасадыңыздар.

Аноним

Дурыс болыпты, сол озинин Алисасын тусире берсин, казактын жыр-дастанында не бар оган, ол ондай денгейге жеткен жок жетпейди да

Аноним

Өте дұрыс шешім осыны кімге айтамыз деп түңіліп отыр едік, қазақша түсінбеитін адам қазақша қалай кино түсіреді жалпы сосын көрсетіліп жатқан сериалдардағы артистердің сөилеу мəнерінен адам уялады қарапайым көшеде жүрген адамдар сияқты оның үстіне жасанды қарабайыр ,эмоция тағы жоқ...

jitsu gif