jitsu gif
Шоубиз

    Меруерт Түсіпбаева баласын ешқашан түсінбейтінін айтып, көзіне жас алды

    : UGC

    Меруерт Түсіпбаева баласының бала асырап алу туралы ойын қолдамағанын айтты. Оның айтуынша, жалғыз өсіп, өзімшілдеу болған ұлын түсіну өте қиынға соғады. Бұл туралы ол 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтты.

    Меруерт Түсіпбаева баласы екеуінің арасындағы түсінбеушілік туралы айтып, көзіне жас алды
    Меруерт Түсіпбаева баласы екеуінің арасындағы түсінбеушілік туралы айтып, көзіне жас алды: UGC

    Көп сұраққа көңілді көңіл күймен жауар беретін әнші бұл жолы көзіне жас алды. Себебі, бұған дейін бала асырап алғысы келетінін айтқан Меруерт Түсіпбаеваның бұл пікіріне жалғыз ұлы қарсы шыққан.

    "Балам шынымды айтсам, эгоист. Мен өзімнің жиен туыстарыма да, әпкемнің қыздарына, немере туыстарыма қамқорлық білдіріп жатсам, ол оған дұрыс қарамайды. Жақында Түркия еліне қыдыруға жоспарлаған кезде, мен кішкентай сіңілімді бірге алатын болдым. Соны балам ұнатпады. Сонда ойланып қалдым. Өзім үлкен отбасында өстім, құдайға шүкір. Ал ол жалғыз өсті. Мен баламды ешқашан түсінбеймін, балам да мені түсінбейді. Өйткені мен басқа ортада, басқа атмосферада өстім. Біз-бірімізді ешқашан түсінбейміз. Кішкентай кезімде бауыр керек деп айтатын, қазір мүлдем жоқ-жоқ-жоқ дейді. Бірақ балама айтқанда, ол менің бауырым бола алмайды. Біздің қанымыз бөлек. Мен оның менің қаным емес екенін, оның бөлек екенін үнемі біліп отырамын", - дейді ол.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.