jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Қайын атасының өзіне ғашық екенін айтқан келіншек не істерін білмей жүр

    : UGC

    Үйленгендеріне жеті жылдың жүзі болған Ғалия (ред: есімі өзгертілді) атты кейіпкеріміз NUR.KZ порталына қайын атасы өзіне ғашық екенін айтып, мұңын шақты.

    Келіншек. Фото: Islam.kz
    Келіншек. Фото: Islam.kz: UGC
    «Үйленгенімізге жеті жылдың жүзі болды. Қос құлыншағымыз бар. Күйеуіміз екеуіміз әлі 30-ға да жетпегенбіз. Ал қайын атам - 50 жаста. Енем жоқ. Мен келін болып түспей тұрып, дерттен қайтыс болған», - деп өз оқиғасын бастады кейіпкеріміз.

    Ғалияның басты мәселесі ол емес. Басты мәселесі күйеуінің әкесінде екен.

    «Атамның ішетін жаман әдеті бар. Ащы суға сылқия тойып келген күні мені құшақтап, бетімнен, мойнымнан сүйіп, жабысады. Мен үйде декреттік демалыстамын. Күйеуім жоқта талай ұрыстық та. Жылап та айттым, күйліп те айттым. Қояр емес, мені жақсы көретінін де айтты», - не істерімді білмеймін деп мұңын айтты.

    Кейіпкер үйде боянып, әдемі болып жүре алмайтынын да жеткізді.

    «Күйеуімді боянып, әдемі болып күтіп алғым келеді. Күйеуіме еркелегім келеді. Бірақ, олай жасай алмаймын. Жұбайым күндіз жұмыста, қайын атамнан бәрін күтуге болады. «Неге кетіп қалмайды» дейтін шығарсыздар. Кете алмаймыз! Күйеуім бұл оқиғалардан хабарсыз. Оның жүрегін ауыртқым келмейді. Әрі маған сенетінін – сенбейтінін білмеймін. Не дегенмен әкесі ғой», - деді Ғалия.

    Айтпақшы, Ғалияның күйеуінің бөлек тұратын қайнысы мен келіні бар екен. Алайда, атасының таңдауы үлкен ұлына түсіп, шаңырақтан шығармай отырған жайы бар.

    «Мұндай сұмдықты күйеуіме қалай жеткізерімді білмеймін. Оны жақсы көремін ғой. Сондықтан жүрегін ауыртқым келмейді. Атамды әйел алдыруға көндіре алмадық. Қалай бөлек шығуға көндірсем болады?», - деген Ғалия біздің редакция арқылы көпшіліктен ақыл сұрады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.