jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қайрат Нұртас әйелі Жұлдызбен тағы да жасырын түрде той жасады (видео)

    : UGC

    Шаңырақ көтергендеріне он жыл толған Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова мерейтойларын Мальдив аралдарында атап өтті. Әнші жарына он жылдан кейін махаббат сертін берді деп хабарлайды NUR.KZ.

    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Instagram
    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Instagram: UGC
    «Он жыл! Біреуге көп, біреуге аз. Мен үшін он жыл қас-қағым сәтте өтіп кеткен сияқты көрінеді. Жұлдызыммен кеше ғана танысқандаймын. Он жыл бұрын қалай ғашық болсам, әлі де солай. Он жыл бұрын сенсіз өмірімді елестете алмасам, қәзір сендерсіз өмір сүре алмаймын. Әрдайым жанымда шыдамдылығыңмен, ақылдылығыңмен, сабырлығыңмен, маxаббатыңмен күш бердің жаным. Он жыл бұрын армандаған арманыма, жарыма берген уәдемді орындағаныма Аллаға шүкір. Бұл дүниедегі бар байлығым да, бақытым да отбасым. Жаратқан жәннәтқа бірге кіруді нәсіп етсін! Мен сені сүйем, Джули!» - деп жазба қалдырды Қайрат Нұртас.
    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Instagram
    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Instagram: UGC

    Әншінің жары Жұлдыз Әбдікәрімова да өз қуанышымен бөлісті.

    "Он жылдығымызды - Мальдив аралында, теңіздің жағасында, шашыңа ақ гүл қыстырып, ақ көйлекпен, ақ құмның үстінде, кинодағыдай атап өтеміз" деп, ылғи айтушы еді, Ақпатшам. Мен «әумин» деп қоятынмын. Ақпатшам уәдесінде тұрып, бүгін маған тосын сый жасап, он жылдық тойымызды атап өттік», - деді Әбдікәрімова.

    Қайрат Нұртас әйелі Жұлдызбен тағы да жасырын түрде той жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.