jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жанар Байсемізова: Құдай да маған көмектесе алмайтынын түсіндім

    : UGC

    Кейде ата-анамды да ұмытып кетіп жүретін уақыттар болды деген Жанар Байсемізова өзінің жан сырымен бөлісті деп хабарлайды «Бақытты әйел» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Тележүргізуші 38 жасқа дейін өзін ешқашан бақытты сезінбегенін айтты.

    «Менің өзге ұлтқа тұрмысқа шыққаным, өзім ойлағаннан да қатты шу болды. Бұл мені жақсы көргеннен деп ойлаймын. Бірінші анама айттым. Анам басында таңғалды қатты. Мен әкемнен күткен едім, қарсы болады деп. Алайда ол кісі бірінші болып батасын берді. «Өзі сүйсе болар» деді», - деп айтты тележүргізуші.

    «Менің күйеуім өте адал. Оның бойынан ер адамға тән барлық қасиеті бар. Еркекке тән мінезі бар. Өзі қандай дәл солай ұстайды. Жаман пікір айтып, өзгені сынамайды. Менің идеалыма сәйкес. Мен ер адамның бойынан қандай қасиетті қаладым. Барлығын Эдуардтың бойынан таптым. Ол менің тағдырым. Тағдыр жолықтырған адамым», - деп күйеуі жайлы айтып берді.

    «Мен 18 жасымда да, 25 жасымда да дәл қазіргі 38 жасымдағыдай бақытты сезінген емеспін. Мен үнемі өз-өзімнен ұялатынмын. Мүмкін шыққан ортамнан ұялған шығармын. Әйел адам өзін зерттеу арқылы, өзін табу керек. Ішкі дүниесін түсінген адам, сыртқы сұлулығына да қол жеткізеді. Қырсықтық мінезім де жұмысыма кедергі келтіретін», - деп ағынан жарылды Байсемізова.

    Жанар Байсемізова: Құдай да маған көмектесе алмайтынын түсіндім

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.