jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жігер Ауыпбаевтың марқұм әжесі туралы жазбасы көпшіліктің жүрегін ауыртты

    : UGC

    Отандық танымал әнші Жігер Ауыпбаевтың Instagram парақшасында марқұм әжесі жайлы жазған жүрекжарды жазбасы көпшіліктің жүрегін ауыртып, көзіне жас алдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

    Сурет: jiger_auypbaev_official
    Сурет: jiger_auypbaev_official: UGC

    Жігердің Күләсия есімді әжесі 30 маусым күні бақилық болған.

    Оның айтуынша, әнші үнемі қаладан ауылға аттанған кезде тілекші болған әжесін көруге асығатын. Барған сайын әжесі Жігерді қимай шығарып салатын көрінеді.

    "Қаладан ауылға жол түскенде ең бірінші әулетіміздің қара шаңырағына ат басын бұруға асығатынмын.

    Асығуымның себебі, әулетіміздің қазынасы, атам Әуіпбайдан бері салынған тариxи жолды көзімен көріп, құлағымен естіп, бойына сіңірген тірі шежіре, асыл әжемнің біз үшін сандығына сары майдай сақтап қойған сарқыттарынан ауыз тиіп, жайлаудай жайылған етегіне бір аунап сағынышымды басу еді.

    Бірақ, әр барған сайын әжемнің жүзінен "шебер тағдырдың" ойып тұрып салған жаңа әжімдерін көріп көңілім құлазитын.

    Ауылдан қайтарда әжем батасын беріп, "Менің қанша уақытым қалды дейсің, анау өмірге қол көтеріп тұрмын ғой. Сен келесі келемін дегенше мен бармын ба? Жоқпын ба? Бір Құдай біледі. Аман бол қарағым", - деп көзіне жас алып, дарбазаның сыртына дейін қимай-қимай шығарып салатын.

    Бұл жолы қара xалық болып көзімізге еріксіз жас алып асыл әжемізді, қажы әжемізді қимай-қимай мәңгілік өмірге шығарып салдық", - деп қайғысымен бөлісті әнші.

    Пікір қалдырған оқырмандар қазаның арты қайырлы болуын тілеп, Жігерді сабырға келуге шақырған.

    Жігер Ауыпбаевтың марқұм әжесі туралы жазбасы көпшіліктің жүрегін ауыртты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.