jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Бастығының кабинетінде түнегенін айтқан Нұрболат Абдуллин ағынан жарылды

    : UGC

    Танымал хит әндердің орындаушысы, әрі актерлық қырымен танылып жүрген әнші Нұрболат Абдуллин Алматыға алғаш келген күні басынан өткерген қызықты оқиғасымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

    Отандық хитмен өзінің жүрекжарды жазбасын желідегі парақшасында жариялаған.

    Пойыздан түскен сәтінен бастап жұмыс орнына қалай барғанына дейін суреттеген әнші оқырмандарына жазушылық қабілетін барынша ашқан секілді.

    Абдуллин вокзал алдында тұратын таксистер мен қаладағы кептелістің өзін нақышына келтіре жазған.

    Барар жеріне "арзанға" жетіп алғанын айтқан ол әрмен қарай болған жағдай туралы былай дейді:

    "Ми қайнау күнде таксидің ішінде демалуда оңай емес екен, кептеліс көрген көзім өзіме сене алар емес, орташа жылдамдықпен әйтеуір мекен-жайға жеттім-ау.

    Мектепке кірдім. Вахтёршы апай: "кімге келдің?" деді. Директордың есімін айттым. "А жақсы кабинеті анау тұр, кіре бер", - деді.

    Есігін қақтым. - Иә? - Сәлеметсіз бе? - Сәлемет пе?! - Ааа, Нұрболат? қош келдің !(бұл кісіні бұрыннан танитынмын) Кел отыр. - Раxмет апай! - Иә? ауыл-ел аман... деген сұрақты әңгімемен 20-30 минуттай сөйлестік.

    - Жұмысқа қабылдандың. Құттықтаймын деп әңгімесін тәмамдай келе "қайда орналастың?" деді. - Әзірге ешқайда, - деп қызардым. - Мәссаған бұл қалай болды. Ммм, онда бүгінше осы менің кабинетіме түнеп шық. Басқа шара бар ма. Одан кейін пәтер мәселесін реттейміз, - деді.

    - Апай ұят болды ғой сізден. - Неге ұят? Енді далада қаламысың ?осы жерде түнеп шық. - Жақсы апай!"

    "Негізінде кабинетінде түнеген былай тұрсын,пәтер қып тұрғың келед,үй сияқты бөлмесі", - деп аяқтаған Нұрболат.

    Сондай-ақ, ол бұл әңгіменің "жалғасы бар" деп оқырмандарын одан әрі қызықтыра түсіпті.

    Желі қолданушылары болса Абдуллинге "жазушы болу керек" екенін айтып, оқиғаның соңы немен аяқталғанын жарыса сұрады.

    Бастығының кабинетінде түнегенін айтқан Нұрболат Абдуллин ағынан жарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.