jitsu gif
Шоубиз

    Сиви Махмуди мұнай магнаты саналатын әкесін неге ренжітті?

    : UGC

    Мұнай магнаты Махмуд Нәлібаевтың қызы әрі танымал әнші Сиви Махмуди NUR.KZ порталының жобасы "Ойбай Life" бағдарламасында әкесімен қарым-қатынасы туралы ағынан жарылды.

    Сиви мен әкесі. Коллаж: NUR.KZ. Фото: Total.kz
    Сиви мен әкесі. Коллаж: NUR.KZ. Фото: Total.kz: UGC

    Әнші өнер жолында қалталы әкесінің болуы қаншалықты кедергі келтіретінін сөз еткен. Ол әкесінің абыройын сақтап, атына кір келтірмеуі үшін барын салатынын, десе де кей кездері қатты ренжітіп қоятынын алға тартты.

    ""Мен әрқашан да ата-анамның абыройын ойлап жүретін қызбын. Текті жерден шыққаннан кейін тектілігімізді ұстап жүруіміз керек. Оны сақтап, тірнектеп жинаған абыройды бұлғамай...

    Киноның қызығына қатты кіріп кеттім бе, ата-анаммен ақылдаспай "Пиар" жасап кеткен жайым бар. Кейін ата-анам қатты ренжіді, әрине. Біразға дейін ренжіді. Сол кезде істеген дүниеме өзім де қатты ренжідім. Кейін олай жасамауға өзіме сабақ болды. Әкем қатты ренжіді", - дейді әнші.

    Әнші сол күндер күйзеліске түскен күндердің бірі екенін жасырмады.

    "Қатты күйзеліске түсіп кеттім. Халықтан бұрын мен бірінші әкемді қатты жақсы көремін. Әкемнің жалғыз қызы болғаннан кейін әрқашан да әкемнің атын, абыройын, көңіл-күйін ойлап жүремін. Әкем қатты ренжіп, ауырып қалды деп айтсам да болады", - деп есіне алды Сиви.

    "Ойбай Life" бағдарламасының жұлдыздармен болған сұхбаттары мен эксклюзив жаңалықтарын Мұхит Сапарбаевтың Instagram парақшасынан, "Ойбай Life-тың" желідегі парақшасынан біле аласыздар.

    Айта кетейік, NUR.KZ порталының жаңа жобасының алғашқы қонағы танымал ақын, хит әндердің авторы Құрманай Бақтиярқызы болған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.