jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ұлы мен әйеліне қайта оралған жігіт "Қалаулымда" дүркіретіп той жасады (фото, видео)

    : UGC

    Атышулы "Қалаулым" жобасында бұрындары арасы үзілген қос ғашық қайта қосылды. Жігітіне алданып қалған балалы бойжеткен бағдарламадан өмірлік серік іздеп таппақ болғанда, оған үміткер ретінде ұлының әкесі келген. Ер адам өз қателігін түсініп, сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Соған орай, жобаның бүгінгі шығарылымы қос ғашықтың үйлену тойына арналған деп жазады NUR.KZ.

    Әлеуметтік желіге бірнеше жылдан кейін қайта табысқан Нұрболат пен Ақеркенің дүркірете өткізген тойынан үзінділер жарияланған.

    "Қалаулым" бағдарламасы қауышқан қос ғашықтың қуанышы үшін өзінің кезекті шығарылымын арнаған. Жоба қатысушылары мен отандық жұлдыздар тікелей эфирде шынайы үйлену тойын атап өткен.

    Мерекелік шараның жүргізушілері болып бағдарламаның қатысушылары қос Бауыржан тағайындалған.

    Ортақ балалары бар Нұрболат пен Ақеркенің үйлену тойына құттықтап өнер иелері де келген. Олардың қатарында Нұрлан Еспанов, Салтанат Бақаева, Мұхтар Ханзада, Өмірқұл Айниязов бой көрсетті.

    Баласы мен сүйіктісіне қайта оралған Нұрболат тікелей эфирдегі тойы кезінде Ақеркеге арнап ән шырқады.

    Айта кетейік, бұған дейін "Қалаулымға" бақытын іздеп келген Ақерке есімді бойжеткен туралы айтқан болатынбыз. Баласы бар ару сүйіктісі өзіннің жүкті екенін біле салысымен одан теріс айналғанын айтты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.