jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Сексуалды образдарымен ел есінде қалған түріктің ең сұлу актрисалары кімдер?

    : UGC

    Бүгінде түріктің телехикаялары мен олардың актрисаларын білмейтін жандар кемде кем. Олардың дені түрлі телехикаяларға түсіп, өздерінің мінсіз мүсіні, асқан сұлулықтарымен көпшіліктің жүрегін жаулап алған. NUR.KZ назарларыңызға Түркияның сексуалды образдарымен есте қалған актрисалар тізімін ұсынады.

    Фото: Comode.kz, коллаж: NUR.KZ
    Фото: Comode.kz, коллаж: NUR.KZ: UGC

    Түркияның ең сұлу актрисалары тізімінде әйгілі Фахрие Эвджен көш бастап тұр. Германияда туып өскен актриса 19 жасында Стамбулға келіп, осында қалып қояды. Ол көпшілікке кеңінен танымал болған "Үзілген жапырақтар", "Бозторғай" телехикаяларына түсіп, Түркияның ең танымал актрисасына айналады. Бүгінде актриса өзінің сахнадағы әріптесі, атақты Бурак Озджевитпен шаңырақ құрып, бақытты ғұмыр кешуде.

    Фото: magazinkafe.com
    Фото: magazinkafe.com: UGC

    Өз сұлулығымен елді аузына қаратқан Түркияның келесі бір актрисасы – Берен Саат. "Фатмагүлдің кінәсі не?" телехикаясы арқылы көпшілікке кеңінен танымал болған актриса Түркияның ең қымбат актрисаларының қатарына енген. Ол сондай-ақ түріктердің "Алтын көбелек" сынды кино саласындағы атақты премияның да иегері атанған. Актриса осыдан бірнеше жыл бұрын әнші Кенан Догулумен бас қосқан.

    Фото: vokrug.tv
    Фото: vokrug.tv: UGC

    Германияда туып, кейін Түркияға келіп атақтылар санатына қосылған Мерьем Узерли де түрік елінің ең сұлу актрисалары қатарына жатады. "Алтын ғасыр" телехикаясы арқылы танылған ол, бүгінде жалғыз қызын тәрбиелеп, түрлі кинотуындыларға түсіп жүр.

    Фото: clutch.ua
    Фото: clutch.ua: UGC

    Ерекше көркімен талай жігіттің есін адастырған келесі бір актриса – атақты Туба Бюйкустун болып табылады. Ол алғаш рет көпшілікке "Жапырақтар астында" телехикаясымен танылады. Актриса кино өнерінен бөлек, сән әлемінде де табысты қызмет етеді. Ол әлемнің талай сән апталықтарында өнер көрсетіп, сұлулығымен талай ер адамды өзіне ғашық еткен. Түркияның һас сұлуы бүгінде екі егіз қыз тәрбиелеп отыр.

    Фото: GlossLife.ru
    Фото: GlossLife.ru: UGC

    Түрік елінің үздік сұлу 5 актрисасы тізімін Джансу Дере аяқтайды. Ол әлемге алғаш рет "Сыла" телехикаясы арқылы танылады. Актриса кино әлемінен бөлек суретке түсіруді әрі саяхаттауды ұнатады екен.

    Фото: mirtesen.ru
    Фото: mirtesen.ru: UGC

    Сексуалды образдарымен ел есінде қалған түріктің ең сұлу актрисалары кімдер?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.