jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Әкеме рахмет": Қайрат Нұртастың қанша бизнесі бар? (фото)

    : Instagram

    Елімізге танымал хитмен Қайрат Нұртастың ән айтудан бөлек қандай табыс көздері бар? Бір тойдан сегіз мың доллар алатын әншінің зәулім сауда орталығы мен жақында ашылған продакшны жайлы "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

    Қайрат Нұртас. Фото: Телефон қосымшасынан, әншінің жеке парақшасынан, almatylife.kz, nespi.kz
    Қайрат Нұртас. Фото: Телефон қосымшасынан, әншінің жеке парақшасынан, almatylife.kz, nespi.kz: Instagram

    Хитмен бірнеше отбасылық бизнестің басын ұстап отыр.

    1) KN city сауда-орталығы

    "Менің ашып жатқан KN city сауда орталығым өте үлкен. Үш жылдан аса салдық. Бәрін әкем салды ғой. Әкеме рахмет", - деді "Ел аузында" бағдарламасына жауап берген Қайрат Нұртас.

    Еліміздегі отандық бағдарламалардың біріне қонаққа келген әнші болашақта ашылатын үлкен сауда орталығы жайлы айтып берген болатын.

    2) KN вокал мектебі

    Қайрат Нұртас 2016 жылы Қызылорда қаласында өзінің өнер мектебін ашты.

    Гүлзира Айдарбекова өнер мектебінде балаларға эстрадалық вокал, хореография, саз аспаптары, актерлік шеберлік бағыттары бойынша сабақтар берілетінін өзінің Instagram парақшасында айтқан болатын.

    Қайрат Нұртас. Фото: Қосымшадан скриншот
    Қайрат Нұртас. Фото: Қосымшадан скриншот: Instagram

    3) KN қосымшасы

    Телефонға арналған "Kairat Nurtas" қосымшасын бүгінде 50 мыңнан аса адам жүктеп үлгерген.

    Қосымшадан Қайрат Нұртастың әндерін, жаңалықтарын, суреттерін көре аласыз.

    4) KN караокесі

    Әнші Алматы қаласынан "KN" караокесінің ашылғаны жайлы биылғы жылдың қазан айында Instagram парақшасында мәлім етті.

    Қайрат Нұртас бренді. Фото:nespi.kz
    Қайрат Нұртас бренді. Фото:nespi.kz: Instagram

    5) "KN" бренді

    Әнші 2013 жылы Алматыдағы сауда-орталығының бірінен өзінің бренд киімдерін сататын дүкен ашты.

    Қайрат Нұртас журналы. Фото:almatylife.kz
    Қайрат Нұртас журналы. Фото:almatylife.kz: Instagram

    6) KN журналы

    Сондай-ақ, кезінде Қайрат Нұртастың журналы да жарыққа шыққан болатын. Алайда басылым бүгінде өз жұмысын тоқтатқан.

    Айта кетейік, бұған дейін әншінің бір тойдан алатын табысының сегіз мың долларға көтерілгені жайлы хабарланған болатын.

    Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Нұртастың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

    "Әкеме рахмет": Қайрат Нұртастың қанша бизнесі бар? (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.