jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Өзіне "еркек аққу" іздеген Ерке Есмахан жұртқа жақпай қалды (фото)

    : Instagram

    Хит әндерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген Ерке Есмахан "еркек" аққуға іздеу салды. Әншінің Instagram парақшасындағы жазбасы жұртты күлкіге қарық қылып, қызу талқыға түсті деп жазады NUR.KZ.

    Әнші парақшасына өз суретін салып, астына "Мені күткен "бір еркек" аққу бар шығар?! Айдыныңа шақыр, дәл осылай ұшып барып қонайын", - деп жазба қалдырған.

    Мұны оқыған желі қолданушылары бақытын іздеген әншіні сынға алса, екіншілері Еркенің әзілі көңілін көтергенін жарыса жазды.

    "Неге кейбір әншілер осындай әдепсіз екен? Тым ұшқалақсыз. Байсырап жүргеніңізге сенбеймін", "Әлі де еркек аққудан үміттісіз бе?", "Нағыз аққуың бірінші күйеуің еді. Бағалай білмедің";

    "Басыңдағы бақты көтере алмай жүрсің-ау. Соңғы уақытта тым шошаңдап кеттің", " Еркек деп жазбай, әдептілігіңді, мәдениеттілігіңді, инабаттылығыңды көрсетіп, "сыңары" деп жазбайсың ба? Өнер адамы деп сендерді айтуға болмас. Киелі сахнаны қорламаңдар! Мәдениетті болуға, сөздің де мәнерін келтіріп сөйлеуге үйренетін уақыттарыңызда болды ғой" , - деп сөкті желідегілердің бір бөлігі.

    Соынмен бірге, "Әлі де бақытты боласыз", "Күйеуден үмітіңізді үзбеңіз", "Іздеген жетер мұратқа" дейді", "Сол адамды үндемей күтсең де, келеді ғой. Шыдай біл", - деп тілек білдірген жандар та табылды.

    Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмаханның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

    Өзіне "еркек аққу" іздеген Ерке Есмахан жұртқа жақпай қалды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.