jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Әлі жаспын": Мөлдір Әуелбекованың екінші рет тұрмысқа шығатыны рас па?

    : Instagram

    Алғашқы некесі сәтсіз аяқталған Мөлдір Әуелбекова екінші рет тұрмысқа шығуға қарсы емес екенін мәлім етті. Ұлының жалғыз өскенін қаламайтын әнші тағдырдың жазғанына бағынатынын айтты деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Мөлдір Әуелбекова. Фото: Comode.kz
    Мөлдір Әуелбекова. Фото: Comode.kz: Instagram

    Бұрынғы күйеуі Арыстанмен баласы Салтай туылғаннан кейін ажырасып кеткенін ел алдында мойындаған әнші алдағы бақыттан үмітін үзбейтінін жасырмады.

    "Тағдырыма солай бұйырып тұрса, неге шықпасқа?! Мен әлі жаспын", - деді әнші.

    Айта кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова күйеуінің өзін тастап кеткенін жылап отырып айтып берген болатын.

    Сондай-ақ әнші ұлы Сартайды халыққа көрсетіп, ұлын әкесінің іздемейтінін жасырмады.

    Әнші бұрынғы күйеуінің өзге адамға кеткенін айтып, ол кісімен қайта қосылмайтынын да мәлім еткен болатын.

    Алайда арада біраз уақыт өткенде әнші өзінің бұрынғы жұбайының қайта хабарласқанын, күйеуінің ұлы Сартайдың туған күнін бірге өткізгісі келгенін жайып салды.

    Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекованың әндерін бізідң MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

    "Әлі жаспын": Мөлдір Әуелбекованың екінші рет тұрмысқа шығатыны рас па?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.