jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Жігіттердің" продюсері 1986 жылы көтеріліске шыққандар қатарында болғанын айтты

    : Instagram

    16 желтоқсан Тәуелсіздік күні. Алайда, бұл мерекеге қазақ елі оңай қол жеткізбеді. 1986 жылғы көтеріліс пен қақтығыс туралы "Жігіттердің" продюсері Ерғали Әбдірайымов есіне түсіріп, NUR.KZ тілшісіне экслюзивті сұхбат берді.

    Фото: Видеодан кадр "Той жыры" / kaztube.kz
    Фото: Видеодан кадр "Той жыры" / kaztube.kz: Instagram

    1986 жылы алаңға шыққан жастардың қатарында Ерғали Әбдірайымов та болған. Ызғарлы күн туралы бүгінгі ұрпақтың білмейтініне, тәуелсіздік пен сонау тәуелсіздік үшін болған күресті шатастырып жүргеніне "Жігіттердің" продюсері өкпелі.

    "Қазіргі жастар 1986 жылдың 16 желтоқсанында не болғанын білмейді. Кеше теледидар қарап отырсам бәрі "Тәуелсіздік алдық" деп жауап беріп отыр. Сонда 1986 жылы егемендігіміз үшін, тәуелсіздігіміз үшін қанын төгіп, жанын берген азаматтар мен азаматшалардың еңбегінің еленбей қалғаны ма деп жүрегім ауырды", - дейді ол.

    Продюсердің жүрегінің ауырып, көңілінің құлазуы бекер емес. Өйткені, 1986 жылдың 16 желтоқсанында егемендік үшін көтеріліске шыққан жастардың қатарында ол да болған.

    "1986 жылы алаңға шыққандардың арасында мен де болдым. Шамамен, жасым жиырманың ар жақ – бер жағы шығар. Менің жанымда жолдас балам болған. Тіл байлығы көп еді. Сол трибунаға шығып: "Біз-қазақпыз. Біз – егемен ел болу керекпіз" деп сөйлеп, рухын көрсеткен еді. Біз ол кезде жастықпен не болатынын да білмедік. Екі-үш күннен соң милициялар оны ұстап әкетіп, қамап қойып, кейін әйтеуір шығарған еді", - деп өткенді еске алды.

    Атойлап алға ұмтылып, ел есінде қалмаса да Ерғали мырза да әскери күштің соққысын көрген.

    "Әлі есімде бір оқиға бар. 16 желтоқсан күні бәрі бітті ғой. Жаспын, ойымда ештеңе жоқ, 17 желтоқсан күні кинотеатрға бардым. Содан шығып такси ұстап тұрдым. Менің алдымда тағы 3-4 кісі такси ұстап тұрған еді. Сол кезде бір көлік келіп, ішінен қолдарына қызыл белгі байлап алған арнайы әскери адамдар бізді аямай ұрған. Пәтерде тұрамын. Әзер қашып құтылып, пәтерге дейін тоқтамастан жүгіріп келдім. Әрине, қорқыныш болады ғой. Бірақ, қорқыныштан гөрі патриоттық сезім басым болды. Мен алаңда үлкен еңбек сіңіріп, атымды шығармасам да тәуелсіздік үшін кішкентай үлес қоса алғаныма қуанамын», - деп мақтанышпен сөзін аяқтады.
    "Жігіттердің" продюсері 1986 жылы көтеріліске шыққандар қатарында болғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.