jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Роза Рымбаева өзіне сәлем бермейтін Баян Алагөзовамен ара-қатынасы жайлы айтты

    : Instagram

    Халық әртісі Роза Рымбаева "Шыны керек" бағдарламасында атақты продюсер Баян Алагөзовамен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтып берді деп жазады NUR.KZ.

    instagram
    Фото: instagram: Instagram

    Бағдарлама жүргізушісі ел арасында Роза Рымбаева мен Баян Алагөзованың қарым-қатынасы жаман деген қауесеттер айтылып жүргенін айтып, мән-жайды сұрады.

    "Мұндай әңгіменің қайдан шыққанын білмеймін. Баян екеуіміз ешқашан араздасқан емеспіз. Шындығында екеуміз ешқашан жақын араласқан жоқпыз. Мүмкін екеуіміздің арамыздағы суық қарым-қатынасымыз сондай әсер туғызған шығар. Баян менімен өзін тым менмен ұстады. Ол өзін тым жоғары бағалайды", - деді Роза Рымбаева.

    Әншінің айтуынша, Баян Алагөзова онымен үнемі амандаса бермейді екен.

    "Оның анасындай жаста болсам да, ол көңілі түскенде ғана амандасады. Жастардың көбінде осы бір әдепсіздік бар. Бұл мәдениеттің жоқтығы. Біз аға буынбыз, қазақ эстрадасының атасы мен анасымыз", - дейді Роза Рымбаева.

    Роза Қуанышқызы кей түсірілімге барғанда Баян Алагөзованы бірнеше сағат күткенін айтып, ренжіді.

    "Оны түсірілім үшін күткен кезім болды. Содан менде жағымсыз сезім қалып қойды. Бірақ екеуміз мүлде араласпаймыз. Ол менің ортам емес, мен оның ортасы емеспін", - деді халық әншісі.

    Еске сала кетейік, Роза Рымбаева Мейрамбек Бесбаевтың дауысы жоқ екенін айтқан болатын.

    Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаеваның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

    Роза Рымбаева өзіне сәлем бермейтін Баян Алагөзовамен ара-қатынасы жайлы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.