jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Баян Алагөзова мен Мәдениет министрлігіне қарсы іс қозғалды

    : Facebook

    "Махаббат бекеті" фильмі айналасындағы дау-дамай 2018 жылдың тамыз айында туған еді. Белгілі қазақстандық режиссер Талғат Теменовтің айтуынша, Баян Алагөзова режиссерге тиесілі фильмнің жалғасын түсіру арқылы авторлық құқықты бұзған. Ақырында әділеттік орнату үшін Теменов сотқа жүгініп, Алагөзова мен Мәдениет және спорт министрлігінен қомақты өтемақы талап етті деп хабарлайды NUR.KZ.

    Фото: today.kz, Instagram/ bayanmaxatkyzy
    Фото: today.kz, Instagram/ bayanmaxatkyzy: Facebook

    Іс Астананың Есіл аудандық сотында қаралды.

    Іс материалдарына сәйкес, арыз Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне, Баян Алагөзоваға және "Shine Production" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бағытталған.

    Арыз беруші Талғат Теменовтің талаптарына сәйкес жауап берушілер авторлық құқықты бұзғаны үшін жауап беріп, жәбірленушіге келтірілген моральдық залал үшін өтемақы төлеуі қажет.

    Теменовтің талап етіп отырған өтемақы сомасы 30 млн теңгені құраған.

    Сонымен қатар, режиссер соттан Баян Алагөзоваға фильмді прокатқа шығаруға және көрсетуге немесе интернет-сайттарда картинаның үзіндісін жариялауға рұқсат бермеуін талап етті.

    Алайда, сот Мәдениет және спорт министрлігіне, Баян Алагөзоваға және "Shine production" ЖШС-ға фильмін прокатқа шығаруға және ішінара көрсетуге тыйым салу бөлігі бойынша қарсы шаралар қабылдауға негіз таппады.

    Өйткені ол басқа адамдардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға әкеп соғуы мүмкін.

    Осылайша, сот Талғат Теменовтың "Махаббат бекеті" фильмінің барлық даналарына тыйым салу, Баян Алагөзоваға прокатқа шығаруға және фильмді көрсету немесе интернет-сайттарда үзіндісін жариялауға рұқсат бермеу туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

    Дегенмен, сот Мәдениет министрлігі мен продюсерге, сондай-ақ, "Shine production" ЖШС-ға қатысты авторлық құқықты бұзу мен моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық іс қозғады.

    Алдын-ала сот отырысы Есіл аудандық сотында 22 қаңтар күні сағат 15:00-де өтеді.

    Баян Алагөзова мен Мәдениет министрлігіне қарсы іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.