jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Бақытбек Есентаевтың туыстары Айсәуленің тойына шақырылмаған (фото, видео)

    : Instagram

    Атышулы продюсердің бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентағвтың қарындасы Нағима Есентаева өзінің Instagram парақшасында Айсәуленің әкесімен бірге түскен мұрағатты видеосын жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Осы күнге де 2 жыл 10 ай болды. Өткен күнде белгі жоқ деген осы шығар.Кәзір ойлап отырсам осындай күн болмаған сияқты", -деп жазған ол.

    Есентаева ағасы Бақытбектің жақсы қасиеттері туралы сөз еткен.

    Нағиманың айтуынша, Бақытбек оның ұлына туыстарын шақыру үшін 12 билет сатып алып берген. Үйде тегін билеттер жатқанына қарамастан, ағасы жаңа билеттерді кассадан алуды жөн көріпті.

    "Мен мәз болып көңіліме жақын адамдарымды жинап алып, барып қайтқан едік. Ағамды қатты сағынамын ,әсіресе түнде барлық өткен-кеткенді ойлап ,бәрін таразылап жатамын. Жарқылдаған жан ағам, жомарт ағам, мәрт ағам Алланың қалауымен уақытынан ертерек қасыма келсең екен", -деген Нағима.

    Есентаева жариялаған видеода Айсәуле Бақытбек те әкесінің жомарттығы туралы айтқан.

    "Біз КешYou-дің концертіне келдік. Билетіміз жоқ, себебі, әкем балаларымен келген адамдарға билеттерді таратып жіберді", - деп күлген видеода Айсәуле әкесімен бірге келе жатып.
    Фото: Скриншот Instagram
    Фото: Скриншот Instagram: Instagram

    Айта кету керек, оқырмандарының сұрағына жауап берген Нағима Айсәуленің тойына Бақытбек Есентаевтың жақындарынан ешкімді шақырмағанын айтты.

    "Ұзатуға, тойға шақырған жоқ па? Туған Есентаев әулетін, әжелерін, тәтелерін?", -деп сұраған желі қолданушыларының бірі.

    Аталған сауалға Нағима Есентаева "жоқ" деп жауап берген.

    Бәріне белгілі, осы жылы наурыз айының басында Баян Алагөзова мен Бақытбек Есентаевтың үлкен қызы тұрмысқа шықты.

    Бақытбек Есентаевтың туыстары Айсәуленің тойына шақырылмаған (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.