jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қайрат Нұртастың анасы ұлын Димашпен салыстырған оқырманына ұрысып тастады

    : Instagram

    Дубайда жеке концертін өткізген Қайрат Нұртасты көпшілік қатаң сынға алып, Димаш Құдайбергенмен салыстырған. Желі қолданушыларының орынсыз пікірінен шаршаған әншінің анасы олардың жазбасына жауап қайтарды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Желі қолданушылары хитменнің Дубайдағы концертіне көңілі толмайтынын жеткізген.

    Желідегілердің бірі: "Биіктен көрінетіндей конкурска қатысып жатыр ма? Жай Дубайдағы қазақтарға, оның ішінде қазақстаннан барғандар да бар. Кәдімгі жай концерт", - деп пікір білдірген.

    Ал Гүлзира Айдарбекова конкурстарға тек шетелде қатысу міндетті емес екенін, ұлының елдегі талай конкурстарға қатысып, алдыңғы орынды иеленгенін айтты.

    "Еліміздің маxаббатының өзі біз үшін Алланың берген сыйы. Алла бұйыртып жатса, Алла амандық берсе, шыңнан көріне берсін. Жақсылықтың ерте кеші жоқ. Ең бастысы өз қазағымыз өзіңіз ұқсап іштарлық білдірмесе болды. Міндетті түрде басқа ел көтеру керек емес, алдымен өзімізді-өзіміз көтере білейік", - деп жауап берген продюсер.

    Сондай-ақ тағы бір желі қолданушысы Қайрат Нұртастың Димаш Құдайбергенге еліктеп, шет елде концерт беруге көшкенін жазған.

    "Баяғыда "Қайраттан Ернар Айдар көшіреді" дейтін еді. Енді Қайрат Димаштан көргенін істеп жүр, шетелде концерт беріп", - деп пікір білдірген желі қолданушысы.

    Алайда бұл пікір Қайрат Нұртастың анасына ұнамай, продюсер оқырманына жауап беруге шешім қабылдаған.

    "Жаным сол, шет елге Қайрат 18 жасынан бастап жылда концерт беріп келген. Шет елді енді көріп жатқандай сөйледің ғой. Қытайдың небір стадиондарын толтырған. Бірақ соны түсіру ойымызда болмапты. Соткамен таралғандарын көрсең болады. Димаштың дауысының ерекшелігін мақтасаң, әлемді мойындатқанын айтсаң болады.
    Бірақ "Қайрат шетелге концертті енді қойып жатыр" дегенің күлкілі. Youtube-тан жылдарын тексеріп, көріп ал! Білмесең, білетіндерден сұрап ал! Неге ішің күйіп, парақшама кіріп, ызыңдап отырсың!", - деп жауап қайтарған.

    Айта кетейік, Қайрат Нұртас 28 наурыз күні Дубайдағы қымбат қонақ үйде жеке концертін өткізген болатын.

    Қайрат Нұртастың анасы ұлын Димашпен салыстырған оқырманына ұрысып тастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.