jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Айсәуле Бақытбек келіндік міндетін қалай атқарып жүргенін айтты

    : Twitter

    Продюсер Баян Алагөзованың үлкен қызы үйлену тойынан кейінгі өмірі туралы баяндады. Айсәуле Бақытбек "Айта берсін" бағдарламасында келіндік міндетін қалай атқарып жүргенін айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айсәуле Бақытбек анасымен, сүйіктісімен. Фото: Instagram Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Айсәуле Бақытбек анасымен, сүйіктісімен. Фото: Instagram Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

    Жақында ғана отбасын құрып, ата-енесімен бірге тұрып жатқан Айсәуле Бақытбек өзінің жақсы келін екенін айтады.

    Ол жаңа отбасында күнделікті таңғы және түскі асты өзі әзірлейтінін жеткізді. Үй шаруасы оның жеке күтіміне кедергі келтірмейді екен.

    Қалыңдық сүйіктісінің отбасына тез сіңісіп кетуіне ғашығымен бес жыл бойы кездесіп жүргені елеулі түрде әсер еткенін алға тартты. Олар сол аралықта бір-біріне үйренісіп қалған.

    Оның үстіне Айсәуле жолдасының ата-анасымен де бұрыннан таныс болып шықты.

    "Біз бәріміз бірге тұрамыз. Бізде таңғы, түскі, кешкі ас бәрі де бар" , - дейді Айсәуле.

    Бойжеткен өз бойындағы кәсіпкер, Instagram жұлдыз, үлгілі жар және жақсы келін образдарын үйлестіріп, оңтайлы пайдаланып жүргенін айтты.

    Айсәуле Бақытбек келіндік міндетін қалай атқарып жүргенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.