jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "4 млн": Желіде ең көп оқырманы бар отандық жұлдыздар кімдер?

    : Instagram

    Әлеуметтік желіде ең көп оқырманы бар қазақстандық жұлдыздардың көшін Қайрат Нұртас бастап тұр. Хитменнің парақшасына жазылушылар саны жақында төрт миллионнан асқан. Әншінің өнердегі әріптестері де одан қалысар емес. KAZ.NUR.KZ оқырманы көп ең үздік бес жұлдызды назарларыңызға ұсынады.

    Қайрат Нұртас, Ерке Есмахан, Аша Матай. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Қайрат Нұртас, Ерке Есмахан, Аша Матай. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Қайрат Нұртас - 4 млн

    Қайрат Нұртастың оқырмандар саны мамыр айының соңында 4 миллионға жетті. Әншінің өзі бұл жаңалығын көпшілікпен бөлісіп, арнайы видео да жолдады.

    "Қазақстанда ең алғаш Instagram желісінен 4 миллион оқырман жинау, Алланың қалауымен маған бұйырыпты. Қуаныштымын! Әрқайсысыңызға Аллаһ разы болсын", - деп әнші Instagram жазылушыларына алғыс айтты.

    Ерке Есмахан - 3,8 млн

    Тізімге екінші болып, Ерке Есмахан жайғасты. Бейнебаяндары миллиондап қаралым жинайтын әншінің Instagram желісін күнделікті бақылайтын тыңдармандар саны 3,8 миллионға жеткен.

    Сондай-ақ әншінің әр жазбасына 70-80 мың адам лайк басып, төрт мыңға дейін пікір жазылады.

    Аша Матай - 3,3 млн

    Көпшілікке "Қалаулым" жобасы арқылы кеңінен таныла түскен Аша Матай үздіктер тізімінде үшінші болып келеді. Өнер иесінің оқырмандар саны бүгінде 3 миллионнан асып кеткен.

    Айта кетейік, әншіге қойылатын сұрақтардың басым бөлігі "Қалаулым" бағдарламасына байланысты.

    Аша Матайдың әр жазбасына желі қолданушылары 50 мыңға дейін лайк басып, пікір қалдырады.

    Мәдина Сәдуақасова - 3 млн

    Желі қолданушыларын үнемі жаңа суреттерімен қызықтырып қоятын Мәдина Сәдуақасованың оқырмандары да 3 миллионға жеткен.

    Өнер иесінің жеке өмірі мен өнеріне қызығатын жазылушылар желіде оған түрлі сауал жолдап, кейде қатал сынның астына да алады.

    Төреғали Төреәлі - 3 млн

    Жақында ғана төртінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі де үздік бестіктің қатарында. Хитменнің оқырмандар саны 3 миллионға жеткен.

    Үнемі халық назарынан тыс қалмайтын әнші желідегі парақшасына өнерінен бөлек келіншегін, ата-анасы мен қарындастарын, қыздарының суретін жиі жариялап тұрады.

    "4 млн": Желіде ең көп оқырманы бар отандық жұлдыздар кімдер?

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.