jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Арыс. Біз біргеміз": Отандық жұлдыздар Шымкентке ат басын тіреді (фото, видео)

    : Getty Images

    Арыстағы төтенше жағдай барша қазақстандықтарды біріктірді. Еліміздің азаматтары қайғылы оқиғаға тап болған арыстықтарға барынша қолдау көрсетіп, көмек қолын созып жатыр. Олардың арасында отандық шоу-бизнес жұлдыздары да бар. Өнер иелері эвакуацияланған тұрғындардың қал-жағдайын білу үшін Шымкент қаласына бірінен кейін бірі ағылып келуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Facebook/Мадина Сабыр
    Фото: Facebook/Мадина Сабыр: Instagram

    Арыстықтармен жеке кездесуге Алтынбек Қоразбаев, Майра Ильясова, Нұрлан Албан, Мөлдір Әуелбекова, Алмас Алтынбеков, Асхат Садырбай, Сәкен Майғазиев, Бағлан Әбдірайымов, Жанболат пен Жазира, "Өнер қырандары" және тағы да басқа әртістер келген.

    Олар ауыр жағдайға тап болған халыққа барынша көмектесуге келгенін жеткізді.

    Фото: Facebook/Мадина Сабыр
    Фото: Facebook/Мадина Сабыр: Instagram

    Айта кетерлігі, өнер иелерінің барлығы қайғылы жағдайға байланысты "Арыс Біз біргеміз!" деген жазбасы бар арнайы футболка киіп алған.

    Facebook желісінде хабарланғандай, шоу-бизнес жұлдыздары Шымкент қаласына мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасымен келген.

    Айта кетейік, бұған дейін арыстықтармен қауышып жылаған Мөлдір Әуелбекова туралы жазған болатынбыз.

    Оған қоса, Шымкенте арнайы ұшып келген Асхат Садырбай жапа шеккен Арыс жұртына көмектесу үшін базар аралаған.

    "Арыс. Біз біргеміз": Отандық жұлдыздар Шымкентке ат басын тіреді (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.