Шымкентке келген Мөлдір Әуелбекова арыстықтарды көріп, көзіне жас алды (фото)
Опубликовано:
Жарылыс орын алған Арыс қаласына шенеуніктермен қатар, отандық эстрада жұлдыздары да лег-легімен келе бастады. Шоу-бизнес өкілдерінен алғашқылардың бірі болып арыстықтарға қолдау білдіру үшін Мөлдір Әуелбекова барды. Желіде әншінің тұрғындармен жылап қауышқан суреттері тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова Арысқа келе сала, бірден жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың қал-жағдайын біліп қайтты. Өнер иесі қайғылы оқиғаға тап болған көпшілікті көрген сәтті өз-өзін ұстай алмай, көзіне жас алған.

Әншінің төтенше жағдайға куә болған халықпен қауышып жатқан суреттері Facebook желісінде тарап кеткен. Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес, эстрада жұлдыздары оқиға орнына мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасы бойынша келген.






Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1801649-symkentke-kelgen-mldir-uelbekova-arystyktardy-krip-kzine-zas-aldy-foto/