jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Ақан Сатаев "Томирис" фильмінің неліктен қазақша нұсқасы көрсетілмей жатқанын айтты

    : Original

    Отандық режиссер, бірнеше тарихи туындылардың авторы Ақан Сатаев "Томирис" фильмінің қазақша нұсқасы неге шығарылмай жатқанына Instagram парақшасында жауап берді деп жазады

    KAZ.NUR.KZ.

    Сатаевтың айтуынша, фильм соңында жазылатын титрлерде қате кеткендіктен кешіктіріліп жатыр екен.

    "Құрметті көрермен! Күні кеше #томирисфильм барлық кинотеатрлардан көрсетіле бастады. Көрермендер мен жуналисттердің қойылған басты сұрақтары - фильмнің қазаша дыбысталған нұсқасы бар ма? Сөзсіз,толығымен қазақ тілінде дыбысталған нұсқасы бар. Қазақ елі болғандықтан да, алдымен қазақша нұсқасын дыбыстаған едік!

    Еліміздің латын әліпбиіне көшуі ұлт үшін жасалған маңызды қадам. Фильмнің соңында жазылатын титрлер (түсіру тобы мен актерлық топтың аты-жөндері жазылатын бөлім) латын әліпбиіне аударылу барысында көптеген грамматикалық қателердің анықталуы және топ мүшелері мен актерлардың аты-жөндері құжаттарға сәйкес келмеуіне байланысты кешіктіріліп жатыр.

    Құқықтық тұрғыдан біз мұндай қателермен көрсетілімге жібере алмаймыз. Шұғыл түрде аталмыш мәселені шешу үстіндеміз. Бұны ақталу емес, сіздерге мән-жайды түсіндіру деп қабылдайтындарыңызға үміттенеміз. Фильмнің қазақша нұсқасы уақытылы дайын болмағанына, көрсетілімге кешігіп шығуына өкінішпен алдарыңызда кешірім сұраймыз.

    Екі-үш күнде бұл мәселе шешуін тауып, киномызды ана тілімізде еліміздің барлық кинотеатрларында көре алатындарыңызға сенім білдіреміз", - деп мәлімдеді Ақан Сатаев.

    ⠀ ⠀ ⠀ ⠀

    Ақан Сатаев "Томирис" фильмінің неліктен қазақша нұсқасы көрсетілмей жатқанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.