jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Көпен Әмірбек өзінен 35 жас кіші екінші әйелі туралы бар шындықты айтты

    : Twitter

    Белгілі сықақшы әрі журналист Көпен Әмірбек өзінен 35 жас кіші екінші келіншегі туралы айтып берді. Ол жас қызбен қалай танысқаны мен оның жүрегін қалай жаулап алғанын баяндап берді деп жазады "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Фото: видеодан кадр
    Фото: видеодан кадр: Twitter

    Көпен Әмірбек екінші әйел алуға бәйбішесі басында рұқсат бермей, оған ренжігенін айтты. Алайда, қазіргі уақытта сықақшы екі отбасымен де жақсы қарым-қатынаста екенін жеткізді. Оған қоса, екі некесіндегі балалары өзара араласып тұрады екен.

    "Бірінші әйелімнен бір ұл, бір қызым бар. Мынау екінші. Анау алтын келін болса, екіншісін күміс келін деп атаймын. Оны бергеніне де шүкір. Неге? Өйткені, артымда ұрпақ қалды. Алайда, бірінші жарым рұқсат бермеді. Бірақ, бұл маңдайға жазылған жазу ғой, пешене.

    Ешкім ешқайда кеткен жоқ. Араласып тұрамыз. Бірақ, бәйбішем ренжігені рас. Біз ұрысып таласқан жоқпыз. Ол солай болды енді. Бұл тағдыр. Оған мен ешқашан да өкінбеймін. Екінші жарым мектепте музыкадан сабақ береді. Баян аккордеон шебері, өнер адамы.

    Ол маған "аға жасым отызда, мектептегі мұғалімдердің барлығы үйленіп не ажырасып үлгерген. Мен болсам, сіздей ел білетін тұлғадан ештене керек емес, ұрпақ сүйгім келеді" деді. Ол "жас жігітке шыққанша, атақты адамнан туып алғаным артық" деді. Сосын мен жарайды дедім. Сөйтсем, оның ар-жағы дұрыс, діні таза, ниеті таза қыз екен. Оны қалай далаға тастаймын? Қазір енді керемет күнде баламызбен ойнаймыз" , - деді ол.

    Көпен Әмірбек өзінен 35 жас кіші екінші әйелі туралы бар шындықты айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.