jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Димаштың Нью-Йорктегі алғашқы жеке кеші аншлагпен өтті (фото, видео)

    : Facebook

    Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі алғашқы жеке ән кешін өткізді. Оның "Arnau tour ENVOY" деп аталатын шоу концертіне ғаламшардың түкпір-түкпірінен жанкүйерлер жиналды. Тыңдарман қауым ерекше дарын иесін үш сағат бойы табиғи жанды дауыста тыңдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Фото: NUR.KZ / Dimashnews.com
    Фото: NUR.KZ / Dimashnews.com: Facebook

    10 желтоқсанда Нью-Йорктегі "Barclays Center" аренасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жеке ән кеші өтті.

    Талантты жанның өнеріне тамсану үшін әлемнің 54 елінен тыңдармандары келген.

    Керемет кештің куәсі болған көрермендер өздерінің эмоцияларын жасыра алмай, бірде жылап, бірде күлді. Тіпті, әлемнің әртүрлі тілінде өз махаббатын білдіріп, "Димаш, маған үйленші!" деп ұсыныс жасаған қыздар да болды.
    Фото: Dimashnews.com
    Фото: Dimashnews.com: Facebook

    Димаштың АҚШ-та өткен алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті. Тыңдарманға лық толған залда ине шаншар орын қалмаған.

    Айта кету керек, бұл шоу Қазақстанның Америкадағы мәдениеті күндері аясында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

    Бұған дейін аренадағы барлық билеттің сатылып кеткені де айтылды.

    Фото: NUR.K
    Фото: NUR.K: Original

    Димаш Құдайберген өз концертін көрерменге алғыс айтудан бастады.

    "Сіздердің қолдауларыңызға рахмет! Мен сіздерді жақсы көремін! Бұл менің Нью-Йорктегі алғашқы концертім!", - деді ол өз сөзінде.

    Әншінің айтуынша, үлкен сахнаға шығып, қазақ мәдениетін әлемге таныту оның бала күнгі арманы болған. Бүгін Нью-Йоркте оның дәл осы арманы орындалды!

    Концерт барысында Димаш қазақ, ағылшын, орыс, француз, қытай тілдерінде ән шырқады.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: Instagram
    Сондай-ақ, Димаш шоудың ортасына қарай қазақтың ұлттық аспабы - домбыра шертіп, көрерменді таңдай қақтырды.

    Осы сәтте ағасымен бірге Әбілмансұр да аспапта ойнап, өнерін көрсетті.

    Айта кетейік, "Arnau tour ENVOY" - әлем қызығушылығын Қазақстанға аударту үшін жасалған үлкен имидждік жоба.

    Димаштың шоуына жас қазақстандық кәсіби мамандар қатысқан. Команда мүшелерінің орта жасы - 25 жас.

    Еске сала кетсек, "Барклайс-центр" - "Бруклин Нетс"баскетбол командасы мен "Нью-Йорк Айлендерс" хоккей клубының аренасы. Сондай-ақ, Нью-Йоркте әртүрлі іс-шара өткізілетін Madison Square Garden аренасының негізгі бақталасы.

    Бұл аренада Майкл Джексон, Элвис Пресли, Мадонна, Уитни Хьюстон, Джон Леннон, Элтон Джон және тағы басқа әлемдік жұлдыздар өнер көрсеткен.

    Димаштың Нью-Йорктегі алғашқы жеке кеші аншлагпен өтті (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.