jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Түрікменстан президенті жаңа жылдық кеште диджей болды (видео)

    : Twitter

    Гурбангулы Бердімұхамедов Түркіменстан халқын өзінің жан-жақтылығымен таңқалдыруда. Бұл жолы ел президенті диджей кейпіне еніп, бір сағат бойы жаңа жылдық шоуды жүргізген деп хабарлайды

    KAZ.NUR.KZ.

    Гурбангулы Бердімұхамедов. Фото: Видеодан кадр
    Гурбангулы Бердімұхамедов. Фото: Видеодан кадр: Twitter

    Мерекелік бағдарламаның видеосы YouTube желісінде пайда болған. Шоудың музыкалық сүйемеліне ел президентінің өзі жауап берген.

    Жүргізуші Гурбангулы Бердімұхамедовты хабарлаған сәтте, отырғандардың бәрі орнынан тұрып, қол шапалақтаған.

    Түрікмен лидері диджей қызметін атқарып, кеш барысында бірнеше композицияны қосқан. Сондай-ақ ол сөз сөйлеп, шақырылған әртістермен қосылып ән шырқаған.

    Осы уақыт аралығында жиналғандар президенттен көздерін бір елі алмай, белсенді түрде би билеп, ду қол шапалақтаған.

    "Корпоратив" бейнежазбасы жарты сағаттан аспайды. Осылайша, ел басшысы халқын Жаңа 2020 жылмен құттықтамақ болса керек.

    Еске сала кетсек, бұған дейін сегіз қырлы, бір сырлы Түркіменстан президентінің циркте өнер көрсеткені хабарланды.

    Жергілікті Altyn Asyr телеарнасы жаңалықтарының алғашқы 15 минуты циркке барған Түркіменстан президентіне арналды.

    Бердімұхамедов "Галкыныш" ұлттық ат ойындары тобының жаттығуын тамашалаған. Іс жүзінде бұл бір адамға арналған толыққанды қойылым болды.

    Президент шабандоздармен әңгімелесіп, оларға жаңажылдық сыйлықтар табыс етті. "Елеулі жетістіктері үшін" берілген 50 мың доллар сыйақы – "Галкыныш" тобы үшін басты тосын сый болды. Топ ұжымындағы балалар мемлекет басшысына тақпақтар оқып берді. Ал президент оларға өзінің "Ровач" рэп-композициясы (Ровач атты сәйгүлік туралы) жазылған дискті сыйға тартты.

    Бұдан кейін ұжым жетекшісі Пыгы Байрамдурдыев президентке Ак ёл (аудармасы – ақ жол) атты асыл тұқымды тұлпарға мініп көруді ұсынды. Бердімұхамедов сәйгүлікті тізгіндеп, менежді бірнеше рет айналып шықты.

    Түрікменстан президенті жаңа жылдық кеште диджей болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.