jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Бай-бағланның тоқалдары не үшін Тәуекел Мүсілімге ғашық (видео)

    : Instagram

    Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім өзінің сымбаттылығының "кесірінен" бай-бағландардың айтулы кештерін жүргізе алмай жүрген көрінеді. Бұл ақпаратпен әзілкеш Марат Оралғазиннен сұхбат алған Нұрсейіт Жылқышыбай бөлісті. Оның сөзінше, шоу-бизнес серісіне қалталы азаматтардың тоқалдары бірден ғашық болып қала береді деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.

    Фото: Instagram/mussilim/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.
    Фото: Instagram/mussilim/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.: Instagram

    Журналист танымал әзілкешке той-томалақтарды жүргізуге қатысты қойған сауалында талай қыздың арманы болған Тәуекелді сөз етеді.

    Ол ел арасында бай-бағландар Мүсілімді өз кештерін басқаруға шақырғысы келмейтіні жайлы әңгіме есіп жүргенін жеткізді.

    Айтуынша, оған қалталы азаматқа тоқал болып жүрген арулардың сымбатты актерге жиі ғашық болып қалуы себеп болса керек.

    Марат Оралғазин өз кезегінде аталмыш қауесетке қатысты ойын білдіріп, Тәуекелдің той жүргізудегі артықшылығы мен кем тұстарын ашып айтты.

    "Тәуекел Мүсілімнің мерекелерді жүргізгенін көрмеппін. Оның басым жерлері де, кем тұстары да бар. Кемшілігі, мүмкін импровизация аздау шығар. Ол өзін актер ретінде танытқан адам. Көбіне оны мерекелерге аты бар, түрі бар болған соң шақыртады. Ал енді тоқалдары үшін Тәуекелді тойға шақырмайтындар жайлы айтайын: тоқалдарын Тәуекел алып кетсе, өздері әлсіз болғаны ғой" , - деді ол.

    Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілімнің некесін АХАЖ бөлімінде ресми түрде тіркегенін хабарлаған болатынзбыз .

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Бай-бағланның тоқалдары не үшін Тәуекел Мүсілімге ғашық (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.