jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Маған түспейді": Миллиардер атанған Қоянбаев табысын қайда жұмсамақ

    : Instagram

    Отандық танымал әзілкеш әрі кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев "Бизнес по-казахски в Корее" фильмінің арқасында кенелген бір миллиард 40 миллион теңге қаржысын қайда жұмсайтынын ашық айтты. Көпшілік өзін миллиардер атануымен құттықтап жатқанымен, ол кинодан келген бұл көлемді табыс толығымен өзіне түспейтінін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

    Фото: Instagram/koyanbayevnurlan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: Instagram/koyanbayevnurlan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Қоянбаев халық ойлайтындай қыруар қаржы өз қалтасына толық түспейтінін түсіндірді.

    Ол бұл табыстың елу пайызын кинотеатрларға берсе, тағы бір бөлігі демеушілерге тиесілі екенін жеткізді.

    Әзілкештің сөзінше, Қоянбаевқа сол қомақты сомманың бір еншісі ғана тиеді екен.

    "Енді миллардер туралы бір айтып жіберейін жалпы, бәрі құттықтап жатыр ғой миллардер деп. Иә, иә деп қоям. Бірақ, бәріміз білеміз ол миллардтың бәрі маған түспейді. 50 пайызы жаңағы кинотеатрларда қалады, одан кейін салық, демеуші бар деген сияқты. Қатты байып кеткен жоқпын" , - деді ол.

    Айта кетейік, бұған дейән Нұрлан Қоянбаев түсірген "Бизнес по-казахски в Корее" фильмі Қазақстан кино тарихында рекорд орнатқанын хабарлаған болатынбыз. Комедия жанрындағы туынды шетелдік "Мстители" киносынан басып озып, кинопродюсерге 1 миллиард 40 миллион теңге табыс әкелген.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    "Маған түспейді": Миллиардер атанған Қоянбаев табысын қайда жұмсамақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.