jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Қалтамда 100 теңге": Танымал визажист басынан өткен ауыр кезеңді еске алды

    : Twitter

    Отандық жұлдызды визажист Санди Бексырға танымал болмай тұрып, басынан өткен күндерді баяндады. Көптеген шоу-бизнес өкілдерінің бетін әрлейтін ару кезінде қалтасында жүз теңге ғана болған сәттерді есіне алды. Ол тіпті, кейде үйіне жаяу қайтып жүргенін де жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Instagram/sandi_beksirga. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: Instagram/sandi_beksirga. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

    Алайда Санди Бексырға бұл жағдай өзін одан бетер мықты еткенін айтты.

    Бүгінде белгілі визажист атанған ол қалтасында 100-ақ теңге қалған күні алдына нақты мақсат қойғанын жеткізді.

    Санди болашақта танымал болып, адамдар ұзын-сонар кезекке тұратынын айтып, өзіне уәде берген.

    Ол басынан өткен қиын кезең жайлы Instagram парақшасында жазған.

    "Қалтамда 100 теңге ғана. 2009 жылы make up курстарын оқып, барлық ақшама қымбат косметика алып, кейсімді толтырып алғаным есімде.

    Бірақ, тапсырыс жоқ. Ешқандай салон мені жұмысқа алғысы келмейді. Не істеймін? "Art Academy " деген салонға бардым. Наталья деген администратор қарсы алды. Маған бірден "бізде мастерлер көп, бос орын жоқ" деп айтты. Менің кеткім келмеді.

    "Сіздің азиаттық келбетіңізді бояп берсем бола ма?" егер ұнаса, мені заменаға шақырасыз, ұнамаса, енді келмеймін дедім. Ол әрең дегенде келісті.

    Бар күшімді салып бояп берген соң, айнаға қарап "Уау" деді. Көңілінің көтерілгені сонша, мені бірден ертесіне екі клиентке жазып қойды.

    Екі келіншектен 5000 теңге тауып алам деп сеніммен ертесінде қалтамда 500 теңгемен салонға келе жатып, еще жолда 400 теңгеге гамбургер жеп алғаным бар. Салонға келсем клиенттер келмейтін болыпты, балалары ауырып қалып.

    Ішімнен қатты ренжулі болсам да, админстраторға көрсеткен жоқпын. Ол да менің бұл сабырлығыма риза болып, мастер ретінде салонға жұмысқа шақырды. Қатты қуандым.

    Бірақ, сол күні Достық көшесінің бойымен, қалтамда 100 теңге ғана, жаңбырда Саяхатқа дейін жаяу барғанмын. Аяғым қатты су болып кеткен, өзім жылап, ішімнен "әлі-ақ мен танымал визажист болам, елдер өздері маған боянуға кезекке тұрып, барлық мүмкіндікті жасайтын болады" деп уәде бердім.

    Сол уәдеме жеттім. Сол күннен бастап жаяу жүрмейтін болдым, клиенттер де жай-жайлап пайда бола бастады" , - деп жазды Санди Бексырға.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    "Қалтамда 100 теңге": Танымал визажист басынан өткен ауыр кезеңді еске алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.