jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Көрерменнен кешірім сұраймын": Сәбит Әбдіхалықов театр басшысы қызметінен не себепті кеткенін айтты

    : Twitter

    Мұхтар Әуезов атындағы қазақ драма театрының директоры Сәбит Әбдіхалықов не себепті театр басшысы лауазымына кеткенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Liter.kz басылымына сілтема жасап.

    Фото: otyrar.kz
    Фото: otyrar.kz: Twitter

    Басылымға сұхбат берген театрдың бұрынғы басшысы өзіне қолдау көрсеткен актерлерге алғыс айтқан.

    "Ең алдымен көрермендерден кешірім сұрағым келеді. Біздің көрермендеріміз – барымыз ғой. Көрерменсіз спектакль қалай спекталь болмақ? Шыны керек бұл шулы оқиғаның барлығы театрдың беделіне нұқсан келтіруде...

    Қазір бізде 300-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Сәйкесінше 300 пікір болады. Мен басшы ретінде біздің әр қызметкердің пікіріне құрметпен қараймын. Менің өмірлік ұстанымым да сол – адамдарды бөліп-жармаймын, олардың әр пікіріне құлақ асамын.

    Олар мен үшін жай ғана 300 қызметкер емес, 300 отбасы. Олардың әрқайсысының отбасылары бар. Театрда болған жағдайды көпке жария етпей-ақ шешуге болатын еді. Бірақ білуімше жоғарғы органдардан жауап ала алмаған соң, қызметкерлер БАҚ-қа жүгінуге тура келген...
    Маған қолдау көрсеткен барлық әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Мен өз әріптестерімді мақтан тұтамын", - дейді ол.

    Сұхбат барасында Сәбит Әбдіхалықов театр басшылығы лауазымынан не себепті кеткенін де атап өткен.

    "Қазақстанда және шетелде медициналық тексерістен өткеннен кейін, сондай-ақ дәрігерлермен кеңесе келе, сырқатым ұзаққа созылғандықтан әрі еңбекке жарамсыз болғандықтан, мен театр басшысы қызметінен кетуді ұйғардым.
    Театр алдында көптеген стратегиялық мәселелер мен 2020 жылға арналған жоспар тұр. Осы орайда менімен бірге жұмыс істеген барлық әріптестерге алғыс айта отырып, оларға сәттілік тілегім келеді. Шыны керек, бұған дейін көптеген жұмыс атқарылды", - дейді ол.

    Айта кетейік, бұған дейін Сәбит Әбдіхалықовтың қызметтен кететіні жайлы сыбыс тарап, театр актерлері бұл шешімге қарсы шыққан еді.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.