jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Көмектеспеймін": «Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің әншісі ұлын сахнаға алып шықпақ

    : Instagram

    Халық арасында аса танымал "Нұрлан мен Мұрат" дуэтінің әншісі Нұрлан Әміров ортаншы ұлы жақында отандық сахнаны бағындыруға ниетті екенін айтып қалды. Белгілі болғандай, өнер иесінің баласы әншілік мансабын бастағалы жатыр. Жұлдызды әке өз жолын қуған жалғыз ұлына әрдайым тілекші болғанымен, оның шығармашылығына араласып, продюсері атануды қаламайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Нұрлан Әміров ұлы Ілиястың жақын арада отандық сахнаға шығатынын хабарлады. Алайда, әйгілі дуэт әншісі баласының әншілік мансабы үшін өз танымалдылығын пайдаланудан аулақ екенін айтты. Ол керісінше, қиналып әрі тырысып көрген әртістің ғана жолы болады деген пікірді ұстанады.

    "Бес баламның ішіндегі менің жолымды қуғаны осы. Кішкентайынан Жұбановта оқыды. Мен оған ешқандай көмектеспеймін деп айтқанмын. "Көмектеспеймін, өзің істе. Өзің шық" деп айтып тұрамын. Себебі, біреу көмектессе, кез келгені шығып кетеді ғой. Өзі тырыссын" , - деді ол.

    Айта кетейік, Әміровтың ұлы Ілияс кішкентайынан фортепиано мен домбыраны меңгеріп, кейіннен классикалық әндерге көңілі ауған. Бүгінгі күні жас өнерпаз академиялық деңгейде білімін шыңдауда. Шоу-бизнес жұлдызының атұстары опера орындаушысы ретінде бағы ашылмаса, әкесі секілді эстрада әншісі атануды қалайды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    "Көмектеспеймін": «Нұрлан мен Мұрат» дуэтінің әншісі ұлын сахнаға алып шықпақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.