jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Бала-шағасы мен әйелін байлап тастаған Марат Оралғазин желіні шулатты (видео)

    : Instagram

    Отандық танымал әзілкеш Марат Оралғазин қалың көпшілікке карантин уақытын қалай өткізіп жатқанын көрсетемін деп қызу талқыға түсті. КВН жұлдызы үйде отырып, қалай жұмыс істеуді жалғастыруға болатынын түсіндірмек болған. Алайда,ол жариялаған видеода балалары мен әйелінің байланып отырғаны"көрініп" қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Бүгінде ел қатарлы үйінен шықпай отырған әзілкеш Instagram желісінде асқан белсенділік танытуда. Ол оқырмандарын күніге бір күлкілі видеомен қуантып жүр.

    Бұл жолы Марат Оралғазин пәтерінен шықпай-ақ жұмыс істеуге болатынын дәлелдегісі келіп, арнайы бейнежазба жариялаған. Онда ноутбуктың алдында отырған әзілкеш өз ісімен айналысып жатқанын жеткізді.

    Алайда, видео кадрына жерде байлаулы күйде отырған бала-шағасы мен әйелі түсіп қалған.

    Оған қоса, олардың ауыздары скотчпен жабыстырылғанын байқауға болады.

    Оралғазиннің әзіл ретінде түсірген бейнежазбасы желі қолданушыларын күлкіге қарық қылған. Көпшілік әзілкештің тапқырлығына тәнті болып, оның видеосы шынайы өмірден алынғанын айтуда.

    "Марат аға күлкіден өлтірдіңіз. Өмірлік жағдай расымен" , "Мына видеоңыз қазіргі жағдайға сай келеді" , "Бәрі әйелі мен бала-шағасынан шаршап жүр. Сізден қайталап, байлап тастаймыз-ау" , "Көзімнен жас аққанша күлдім", "Кермет көңіл-күй сыйлап жатырсыз. Өте күлкілі" , - деп жазуда желідегілер.

    Айта кетейік, бұған дейін отандық әзілкештердің ән эстафетасына қатысып, көпті күлдірткенін жазған болатынбыз.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Бала-шағасы мен әйелін байлап тастаған Марат Оралғазин желіні шулатты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.