jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Сасиды бұл": Қайрат Әділгерей Жахан Отарғалиевты ұятқа қалдырды (видео)

    : Instagram

    Отандық танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей өзімен "Қазақша бизнес Түркияда" фильміндегі басты рөл үшін таласқан Жахан Отарғалиевты елдің көзінше сынап тастады. Ол өз қарсыласының қатты тершең екенін айтып, одан жағымсыз иіс шығатынын бетіне басқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Қайрат Әділгерей киноның бас продюсері Нұрлан Қоянбаев актер таңдауда үлкен қателік жасағанын жеткізді. Ол түрік тілін жетік білетін адамның орнына салақ актерді алып қойды деп күйінді.

    "Ойын жинақтай алмайтын адамға қалай сенуге болады? Бұл өзінің емес, мемлекеттік атағын алып бара жатыр. Оған сеніп тапсыруға мүлдем болмайды. Қазір өзі терлеп отыр. Сосын бұл сасиды. Ертең Түркияда сасып, шіріп жүреді. Өнерін қоя тұрайық. Өте салақ актерді алып жатыр. Бұл қазір терлеп отырса, біраздан кейін ол сасиды. Бұл деген жағымсыз иіс. Кино тамызда түсірілмек. Ол уақытта Стамбул онсыз да ыстық. Не болды сонда? Қала донер сасып тұр онсыз-ақ. Ажырасып кеткен, мінезі жаман. Қатын сияқты, әңгімесіне араласа береді.Бірінші әйелін жақсы танимын" , - деді Қайрат Әділгерей.

    Әсерлі сұхбаттың соңында Жахан Отарғалиев көпшілікпен қуанышты жаңалығымен бөлісті. Актер осы жылы шаңырақ көтеретінін айтты.

    Айта кетейік, рөл үшін таласқан қос актер "Қызық live" бағдарламасында төбелесіп қалды. Ашуға булыққан Отарғалиев Қайрат Әділгерейді екінші қабаттан лақтырып жіберді.

    "Сасиды бұл": Қайрат Әділгерей Жахан Отарғалиевты ұятқа қалдырды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.