jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Желіде Серік Ибрагимовтың полицейлерге ұсталған сәтінің видеосы тарады

    : Instagram

    Әлеуметтік желіде құқыққорғау қызметкерлерінің белгілі әнші Серік Ибрагимовты тұтқындап жатқан сәтінен видео тарап кетті. Бейнежазбада өнер иесінің тәртіп сақшыларына ұсталып, барша отандастарынан кешірім сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: видеодан кадр.
    Фото: видеодан кадр.: Instagram

    Instagram желісінде жарияланған бейнероликте үйде жүрген бірнеше ер адамды кенеттен атып кірген қарулы азаматтар тұтқындап жатқаны көрініс тапты. Олар құқыққорғау органдарының қызметкерлері болса керек.

    Бейнежазбада бет-аузын тұмшалап алған адамдардың үй ішіндегі жігіттерді жерге жатқызып, қолдарына кісен салғалы жатқаны көрінеді. Оған қоса, видеода оқ атқандай дауыстар шықты.

    Оқиғаның қайда және қалай орын алғаны жайлы әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Бірақ, ұсталған топ арасында әнші Серік Ибрагимов пен әзілкеш Қабдол Тілеков бар екені белгілі болды.

    Ғаламторда тараған видеода олардың екеуі де барша елден карантин режимін бұзғаны үшін кешірім сұраған. Алайда, қос азаматтың да жеке парақшаларында орын алға жағдай жайында жазба жарияланбаған.

    Желі қолданушылары аталмыш бейнероликке қатысты екі түрлі пікір білдірді. Бірі жұлдыздардың шынымен ұсталып қалғанына сенсе, енді бірі әзілкеш пен әнші ортақ досы Ернар Айдардың тұтқындалуына пародия жасаған деп шешті.

    Желіде Серік Ибрагимовтың полицейлерге ұсталған сәтінің видеосы тарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.