jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Танымал өзбек әншісі қазақ халқын қолдап, "Атамекен" әнін шырқады

    : Instagram

    Қалың көпшілікке танымал өзбек әншісі Джон Руми коронавирус инфекциясымен қарсы күресте Қазақстан мемлекетіне ерекше қолдау білдіріп, ел еңсесін көтерді. Өнер иесі желіде қазақ тілінде "Атамекен" әнін шырқаған. Көршілес ел жұлдызының бұл игі әрекеті халықтың ыстық ықыласына ие болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Фото: bars.media
    Фото: bars.media: Instagram

    Джон Руми "Атамекен" әнін орындап жатқан видеосын Instagram парақшасында жариялады. Жас әншінің орындауындағы қазақ әні желі қолданушалыр жүрегіне жеткен. Олар өзбек жұлдызының игі пиғылына тәнті болып, оған өз алғысын жаудырған.

    Өнер иесі бұл әрекетімен бүгінде өршіп тұрған індетпен күресіп жатқан қазақ еліне рухани тұрғыда қолдау білдірмек болғанын айтады.

    "Қазақстандық бауырларым! Құрметті Қазақстан халқы. Қазір бәріміз басымыздан аса ауыр сынақты өткеріп жатырмыз. Барлығы білетіндей, 2018 жыл Қазақстанда Өзбекстан жылы болып жарияланды. 2019 жыл керісінше, Өзбекстанда Қазақстан жылы болды. Алайда, 2020 жыл бұкіл жер шары үшін аса ауыр сынақтан басталды. Мен өз елімнің қарапайым азаматы әрі Өзбекстан мәдениетінің өкілі ретінде сіздерді рухани тұрғыда қолдағым келіп тұр. Қазақ тілінде аса әдемі әнді орындадым" , - деп жазды Джон Руми.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.