jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Ақ халатпен гүл суарған Өмірқұл Айниязов қызу талқыға түсті (фото)

    Өмірқұл Айниязов гүл суарып жүр
    Фото: Instagram/omirkul_ainiyazov

    Отандық танымал әнші Өмірқұл Айниязов жаңа суретімен желіні жарды. Өнер иесі жариялаған фото бірден халық арасында қызу талқыға түскен. Көпшілік оны мұндай ерекше образда бұрын-соңды көрмегендіктен қатты таңғалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Өмірқұл Айниязов үйінде су суарып жүрген фотосы желіде қызу талқыланып кететінін күтпеген. Алайда, үнемі классика немесе қазақи нақыштағы киіммен жүретін әншінің үй жайындағы образы оның жанкүйерлерін аса қатты қызықтырған.

    Instagram-ды жарған суретте өнер иесі ақ халатпен ауласындағы гүлдерді суарып жүргенін көруге болады. Оқырмандар эстрада жұлдызының мұндай кейпіне тәнті болып, алған әсерлерін жасырмай ақтарды.

    Бірі оның ақ халатты образына таңданысын білдірсе, енді бірі оған қатысты әзілдерін жазған.

    "Шетел екен" , "Танымай қалдым сізді" , "Сізді мұндай шетелдік образда көрген қызық екен" , "Халатпен құдды фильм түсірілімінде тұрған секілдісіз" , "Кино ғой бұл нағыз" , "Қатырасыз, голливудтық фильмдерге түсіре берсе де болады" , "Халатты әйелдер ғана киетін еді. Қазіргі еркектер қызық" , "Ақ халатты абзал жансыз" , "Сізге не кисеңізде жарасады" , - деп жазуда халық.

    Айта кетейік, бұған дейін "Жігіттер" әншілерінің қыз кейпіндегі бейнесі қызу талқыланған болатын. Бағлан Әбдіраымов пен Мырзахан Махановтың шаш жалғап алған образын желіге Ердос Қанаев жүктеген.

    Оған қоса, ғаламторда жақында ғана ажырасып кеткен Ақбота Сейітмағамбеттің бейтаныс жігітпен құшақтасып тұрған суреті тарап кеткен еді. Көпшілік оны жаңа қарым-қатынас бастады деп болжады.

    Ақ халатпен гүл суарған Өмірқұл Айниязов қызу талқыға түсті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.