jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Қайрат Әділгерей тағы да әке атанбақ (фото)

    Қайрат Әділгерей отбасымен
    Фото: Instagram/kairat_adilgerey

    Қазақстандық шоу-бизнесте өзіндік орны бар Қайрат Әділгерейдің отбасы тағы бір сәбимен толықпақ. Танымал әзілкеш пен оның жары Бақыт Тұрман төртінші сәбиін күтіп жүргенін қалың көпшілікке жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Қуанышы қойнына сыймаған ана бұл жаңалығымен Instagram парақшасында өз оқырмандарымен бөліскен. Бақыт Тұрман жақында жолдасына төртінші перзент сыйлайтынын аса ерекше түрде жеткізген. Ол көпшілік назарына отбасылық фотосессиясын ұсынып, іші шығып қалғанын көрсеткен.

    "Отбасымыздың жаңалығы. Алланың қалауымен тағы да балаларымызға бауыр сыйлауға дайындалып жүрміз. Отбасымыз күту режимінде, Кайрат көп айтатын жәрдемақысын алатын болды, бұйырса" , - деп жазды Қайрат Әділгерейдің жары.

    Желі қолданушылары бірден жұлдызды жұпты құттықтап, өз жылы лебіздерін білдірді.

    "Шын жұректен қуаныштымын" , "Аман-есен босанып, бөпеңіздің қызына тоймай жүре беріңіз" , "Құтты болсын. Жақсы жаңалық қой" "Менің сүйікті жұптарымның бірі. Сондай қарапайымсыздар, бақытты болыңыздар. Көбейе беріңіздер" , "Жарайсыздар, тоқтамаңыздар", "Үлкен жанұя болыңыздар" , - деп жазуда көпшілік.

    Айта кетейік, Қайрат Әділгерей мен оның жары Бақыт Тұрманның күтіп жүрген сәбилерінен бөлек тағы екі қызы мен бір ұлы бар. Бұл жұлдызды жанұядағы төртінші перзент болмақ.

    Сонымен қатар, жақында әнші Абай Бегей де тағы да әке атанды. Өнер иесінің алтыншы баласы дүниеге келді. Эстрада жұлдызының жас келіншегі оған қыз сыйлаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.