jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Тоқтар Серіков Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды

    Тоқтар Серіков
    Фото: Instagram/toktar_beibit

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тоқтар Серіков Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл қуанышты жаңалықты Тоқтар Серіковтың өзі қалың көпшілікке жеткізді. Өнер иесі Instagram парақшасында марапттау сәтінен фото жариялап, өз қуанышымен бөлісті.

    "Сүйінші! Бүгін Тоқтар ұлдарыңызға, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді" , - деп жазылған Тоқтар мен Бейбіттің ортақ Instagram парақшасында.

    Желі қолданушылары бірден эстрада жұлдызын жарыса құттықтап, оның бұл атаққа әбден лайық екенін жазуда. Әншінің жанкүйерлері ол үшін аса қуанышты екенін айтып, оған өз ақ тілегін жаудырды.

    "Еңбегіңіздің бағаланғаны қуантады" , "Лайықтысыз. Бұл атақты бұрын да алатын жөніңіз бар еді" , "Кеш болса да, берілгені дұрыс болды" , "Әбден лайықтысыз. Құтты болсын" , "Марапаттарыңыз көбейе берсін" , "Бұл марапаттарыңыздың соңы болмасын" , "Сіз үшін қатты қуанып тұрмыз. Әйтеу дегенде беріліпті" , "Сәз қандай да құрметке лайық азаматсыз" , - деп жазуда көпшілік.

    Айта кетейік, бұған дейін Украинаны бағындырып келген отандық жас әнші Индира Еділбаева "Халық алғысы" марапатына ие болғанын жазған едік. Бойжеткен танымал "Украина дауысы" жобасының финалына дейін жеткен.

    Тоқтар Серіков Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.