jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Актриса Құралай Анарбекова мінсіз мүсінін паш етті (фото)

    Құралай Анарбекова
    Фото: Instagram/kuralay_corich

    Отандық танымал актриса Құралай Анарбекова әлеуметтік желіде ерекше фотосымен бөлісті. 31 жастағы киножұлдыз мінсіз мүсінін паш етіп, барша ерлер қауымын өзіне қаратты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Құралай Анарбекова 2021 жылдың күтізбесіне арналған фотосессияға қатысып, оның нәтижесінде шыққан суретпен бөлісті. Өнер иесі аталмыш фотосын Instagram парақшасында жариялап қойды.

    Онда актриса денесіне жабысып, бар мінсіз мүсінін көрсетіп тұратын сұр түсті көйлекпен тұрғанын көруге болады. Желі қолданушылары киножұлдыздың жаңа суретін бірден қызу талқыға салып, оған қатысты ойын ашық айтты.

    Құралай Анарбекованың талдырмаш мүсініне әсіресе ерлер қауымы тәнті болды. Азаматтар актрисаның жаңа фотосын аямай лүпілдетіп, оған жүрекжарды жазбаларын қалдырып жатыр.

    "Талдырмаш мүсінді ару" , "Бір мін жоқ. Керемет фото" , "Жарайсың Құралай, әрдайым көріктісіз" , "Осы актриса еш өзгермейді. Әркез сұлу да сымбатты" , "Мына фотоңыз от" , "Фигураңыз керемет, тәнтімін" , "Айтарға сөзім жоқ. Өте сұлусыз Құралай" , "Әдемісіз Құралай. Маған тұрмысқа шығасыз ба" , "Сіз талай ер азаматқа армансыз ғой" , - деп жазуда желі қолданушылары.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Әсел Сағатова да ерекше фотосессиясымен бөлісіп, барша ерлер қауымын естен тандырған болатын. Белгілі актриса жаңа суреттерін шөл далада жасаған.

    Сонымен қатар, әпкелі-сіңілі Жолдыбаевалар да кезекті ашық образдарымен желіні шулатты. Қос ару егіздер секілді киініп алып, көптің назарын өзіне аудартты.

    Актриса Құралай Анарбекова мінсіз мүсінін паш етті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.