jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жарына кәсіп ашып берген Еркебұлан Мырзабек отбасылық бақытының құпиясымен бөлісті (видео)

    Еркебұлан
    Скриншот: Balu KZ / Тимур Балу

    Шомуен, әзілкеш, тележүргізуші Еркебұлан Мырзабек Тимур Балымбетовтің Balu.kz бағдарламасында қонақта болып, жарына жеке бизнесті қалай ашып бергенін айтты.

    Еркебұлан жандосы Марат Оралғазинмен бірігіп, жұбайларына ортақ бизнес ашқан екен.

    "Келіншектеріміз бизнес ашуға ойы барларын айтты. "Керемет ой, жасаңдар, толықтай қолдаймыз" дедік те қаржылай көмектесіп жібердік. Өздері күнде абыр-сабыр болып жатады. Кешкісін шаршап келеді", - деп ағынан жарылды Еркебұлан.

    Шоумен әйел заты үйде отыруы керек деген көптің пікірімен келіспейтінін де ашық айтты. Ол жарына осы себепті кәсіп ашуға қуана келіскенін жасырмады.

    "Жалпы Марат екеуіміздің ойымыз бұл тұрғыда бір жерден шығады. Әйел адам үйде отыру керек деген сөзбен өз басым келіспеймін. Егер ол белгілі бір жұмыспен айналыспаса, белгілі бір хоббиі болмаса, әйел адам деградацияға ұшырайды. Ал ол деградацияға ұшырағаннан кейін, жұмыс істеп жүрген адаммен әңгімелері жараспайды. Қызық емес болып кетеді. Менің ойымша, солай. Сондықтан біз жұмыс істесін дедік", - дейді әзілкеш.

    Жарымен алты жыл кездесіп, кейін некесін қидырған Еркебұлан отбасылық бақытының құпиясымен де бөлісті.

    "Ең бастысы жүректі тыңдау керек. Егер қаламасаңыздар, керек емес. Уақыт емші, үйреніп кетесіңдер деген сөз қазіргі таңдағы жағдайға сай емес секілді. Бастысы жастарға жүректі тыңдау керек", - дейді ол.

    Жарына кәсіп ашып берген Еркебұлан Мырзабек отбасылық бақытының құпиясымен бөлісті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.