jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    53 жастағы Памела Андерсон оққағарына тұрмысқа шықты: Той суреттері

    Той
    Фото: Ross / dailymail.co.uk

    53 жастағы танымал модель Памела Андерсон төртінші рет тұрмысқа шықты. Осы жолы оның таңдауы оққағары Дэн Хейхерстке түскен деп жазады Daily Mail.

    Памела Дэнмен өткен жылдан бері кездесе бастаған. Той Ванкувер аралындағы Ледисмит ауылында жасырын түрде өткен.

    Той
    Фото: Ross / dailymail.co.uk

    Дәл осы жерде Памеланың ата-анасы некелерін қиған болатын, олар әлі күнге дейін бірге тұрып жатыр.

    Ғашықтар аста-төк тойдың орнына рәсімді құпия өткізіп, ежелгі дәстүрлерді ұстанған. Олар барабанның сүйемелдеуімен үйлену антын оқыған.

    Playboy жұлдызының той көйлегі де ескі стильде болған. Бозғылт көк түсті көйлек ұзын фатамен және қызғылт-ақ раушан гүл шоқтарымен көмкерілген. Дэн болса, қара шалбар мен ақ көйлек киген.

    "Мен өз орнымды таптым - мені шын сүйетін адамның құшағындамын. Мен ғашықпын. Біз Рождество қарсаңында отбасымыздың батасын алып, некемізді қидық және бізді білетіндердің бәрі біз үшін қуанышты", - дейді модель.

    Памела Андерсон бал айы туралы тіс жармады. Тек "әр күніміз біз үшін бал айындай" дейді ол.

    Танымал модельдің оққағарымен қарым-қатынасы туралы не белгілі

    Той
    Фото: Ross / dailymail.co.uk

    Дэн Хейхерст - мамандығы бойынша құрылысшы. Ол жергілікті жануарлар қорығына көмектеседі. Памела онымен өткен жылы карантин басталғанда кездескен.

    Той
    Фото: Ross / dailymail.co.uk

    Содан бері олардың жұбы жазылмаған. Жұбайлар Памела Андерсон дүниеге келген Ладисмит ауылында бірге тұрып келді.

    Той
    Фото: Ross / dailymail.co.uk

    53 жастағы Памела Андерсон оққағарына тұрмысқа шықты: Той суреттері

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.