jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Зарина Омарова: Карантинде табысым 80 пайызға қысқарды

    Зарина Омарова
    Фото: Instagram/zarina_omarova_official

    Той-томалақтар мен концерттерге шектеу қойған каратин режимі бірқатар өнер өкілдерінің қалтасын жұқартқаны рас. Локдаун кезінде басты табыс көзінен айырылған жұлдыздар қатарында әнші Зарина Омарова да бар. Шектеулер салдарынан оның табысы 80 пайызға қысқарып қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Зарина Омарова карантин уақытында қаржыдан қысылғанын жасырмады. Алайда, әнші бұл кезде жар таңдаудан қателеспегенін түсінген. Ол өнер иесіне тұрмысқа шықпағанына аса қатты қуанған.

    Шоу-бизнес жұлдызы өзінің жұмысы тоқтап қалғанымен, жолдасының ісі жүре бергенін алға тартты.

    "Каратин көптеген жоспарларымның күл-талқанын шығарды. Біраз әндер жазыла алмады. Барлығымыз үйде отырып қалдық. Сол кезде бір бейнебаян түсіремін деген мақсат бер еді. Ол да сол қалпы түсірілмей қалды. Уақыт өте келе көп нәрсе өзгеріп кетті. Ол бейнебаян трендтен кетіп қалды. Сонымен қатар, карантин алдында бір жақсы киноға шаұырған болатын. Басты рөлді сомдау керек едім. Бәрі іске аспай қалды. Карантин қалтамды сексен пайызға жұқсартты.
    Негізі, сол кезде өнер адамына тұрмысқа шықпағаныма шүкір дедім. Әйтпесе, екеуміз де отыратын едік. Бір-бірімізге қарап, әнімізді айтып жүретін едік. Күйеуімді сол кезде одан бетер жақсы көріп кеттім. Онлайн болса да, бастысы жұмысы жүріп жатты" , - деп ағынан ажрылды Зарина Омарова "Ревю" бағдарламасына берген сұхбаты барысында.

    Зарина Омарова: Карантинде табысым 80 пайызға қысқарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.