jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Алғысым шексіз": 32 жасқа толған Қайрат Нұртас өз туған күнінде ата-анасын құттықтады

    Қайрат Нұртастың ата-анасы
    Фото: Instagram/kair_n

    Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртас бүгін 32 жасқа толды. Туған күніне орай құттықтауларды қабылдап жатқан өнер иесі жеке мерекесінде біріншіден, өзіне өмір сыйлаған ата-анасына алғыс білдіруді жөн көрген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Эстрада жұлдызы өз туған күнінде ата-анасын құттықтап, оларға жүрекжарды тілегін жолдаған. Жантебірентерлік жазба Instagram парақшасында жарияланды.

    "Бүгін мені емес, мені дүниеге әкелген ата-анамды құттықтайтын күн. Яғни барша құттықтаушылармен бірге қосыла мынадай тілек-лебізімді білдіргім келеді: Әке, сіздің қабағыңыз - менің өмірлік сабағым. Сүрінген шағымда жасып кетпеуді, көтерілген шағымда тасып кетпеуді үйреттіңіз! Сол себепті өмірлік сабағымның алғашқы ұстазы - Сізсіз! Сізге мың алғыс!
    Ана, сіздің жанарыңыз - өмірлік қамалым. Қуанған шағымда менен бұрын қуандыңыз,  мұңайған шағымда менен бұрын мұңайдыңыз! Бойымды жамандықтан сақтандырып,  ойымды жақсылыққа аттандырдыңыз! Сондықтанда өмірлік қамалымның ең мықты қорғаны - сізсіз! Сізге алғысым шексіз! Бүгінгі туған күндеріңіз құтты болсын! Сіздер барда Қайраттың қайраты таусылмайды" , - деп жазды Қайрат Нұртас.

    Желі қолданушылары бірден өнер иесін жаңа жасымен құттықтап, оған деген жылы лебіздерін білдіруде. Олар Қайрат Нұртасқа мынадай қиын кезеңде дені сау болып, алдағы уақытта жанкүйерлерін жаңа туындылармен қуанта беруін тіледі.

    Сонымен қатар, қалың көпшілік әншінің сөздеріне қосылып, оған өмір сыйлаған ата-анасына да алғыс айтқан.

    "Алғысым шексіз": 32 жасқа толған Қайрат Нұртас өз туған күнінде ата-анасын құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.