jitsu gif
Шоубиз

    "Той жоқ бәрібір": Ерке Есмахан 4 миллион үшін бала тууға қарсы емес болып шықты

    Ерке Есмахан
    Фото: Instagram/erke_esmahan

    Отандық танымал әнші Ерке Есмахан жанкүйерлерімен балалы болуға қатысты өз ойымен бөлісті. Эстрада жұлдызы мәжілісте ұсынылғандай әр балаға 4 миллион теңге берілсе, сәби тууға қарсы емес екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жақында мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов елімізде аналық капитал енгізіп, дүниеге келген әр бала үшін 4,2 миллиона теңге төлеуді ұсынған болатын.

    Ерке Есмахан бұл ұсынысқа қатысты не ойлайтынын Instagram парақшасында айтып берді.

    "Бала туғандарға 4 млн теңге беретін болды ма? Жаңалықтардан оқып едім. Беретін болса, бала туып әрі 4 миллионды болып қалайын деп едім ғой. Концерт, той жоқ бәрібір" , - деп жазды әнші.

    Өнер иесінің желідегі оқырмандары оның балалы болуға ниетті екеніне қатты қуанып, оған деген ыстық ықыласын білдірді.

    "Бірден егіз тусаңызшы, сегзі миллион аласыз" , "A.Z әке болатын болды ма?" , "Азаматқа тікелей арналған жазба" , "Азамат екеуіңнен керемет ата-ана шығады" , "Ерке мұндай ойыңнан айналып кетейін. Балалы болу деген қайталанбас сезім" , "Бұл ойыңызбен қуанттыңыз" , "Азаматқа астарлап жеткізіп жатыр. Бауырым "тормоз" болма" , "Жарайсыңдар. Тезірек осындай жаңалықпен қуантыңдар" , "Екеуінің балалары аса өнерлі болатын шығар" "Мұсілімге іні керек" , "Ақша үшін емес, өзіңіз үшін тусаңызшы" , "Балаларыңыз көп болсын" , "Бұл жайында Азамат не дейді екен?" , - деп жазуда көпшілік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.