jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Ақ саусақ емес": Grammy жүлдесін жеңіп алған Иманбек қандай студент болған

    Иманбек
    Фото: Pavlodarnews.kz

    Павлодардағы жоғары электроника және көлік колледжінің ұстаздары Grammy жүлдесінің иегері Иманбек Зейкенов туралы пікірімен бөлісті деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

    Иманбек - Павлодардағы жоғары электроника және көлік колледжінде білім алған.

    Аталған білім орнының арнайы пәндер оқытушысы Мақпал Житебаеваның айтуынша, Иманбек үнемі белсенділігімен танылып, музыкаға деген құштарлығын көрсетіп жүретін.

    "Колледждегі концерттерде диджей болатын. Бастысы сабағын өте жақсы оқыды. Мен оның барлық курстық жұмыстары мен дипломдық жұмыстарына жетекшілік жасағам. Ол бәрін "беске" тапсырып жүрді. Ол сызудан болсын, математикадан болсын барлық тақырыптарды тез игеріп алатын", - дейді ол.

    Grammy иегерінің тағы бір ұстазы Ренат Ысқақов Иманбектің жұмысқа икемділігі мен еңбекқорлығын ерекше атап өтті.

    "Оның қазіргі жастар сияқты ақ саусақ емес екені, еңбекқор, барлығын өз қолымен жасауға тырысу деген ынтасы байқалатын. Колледждің кез келген іс-шарасы Иманбектің көмегінсіз өтпейтін. Төртінші курстан бастап ол музыкаға ден қоя бастады, курстастарымен жаңалықтарымен бөлісіп жүрді", - дейді Ренат Ысқақов.

    Айта кетейік, ақсулық Иманбек Зейкеновтің SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алды. Жеңімпаздарды жариялау рәсімі 14 наурызда өтті.

    Диджейді жеңісімен Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

    "Ақ саусақ емес": Grammy жүлдесін жеңіп алған Иманбек қандай студент болған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.