Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "Грэмми" иеленген тұңғыш қазақ баласының жеңісін қуанышпен қабылдады

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Иманбек Зейкеновке аса беделді Grammy музыкалық сыйлығының табыс етілуі жөніндегі жаңалықты зор қуанышпен қабылдады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында сілтеме жасап.

"Өзінің таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында диджей Imanbek әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленді. Оның шығармашылығы қазақстандық жастардың да ең биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеді.
Президенттің атынан Иманбекті осы жарқын жеңісімен құттықтаймын және жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!" - деді Берік Уәли.

Еске сала кетсек, өткен жылдың көктемінде Ұлыбританияның ресми синглдар чартында Ақсу қаласынан шыққан қазақстандық Иманбек Зейкеновтің Saint Jhn-ның "Roses" композициясына жасаған ремиксі көш бастаған еді. Қазақстандықтың трегі барлық уақыттағы ең көп сұралған үздік әндер қатарына енген болатын.

Композиция "Грэммиге" ұсынылды. Жеңімпаздар онлайн режимде марапатталды. Трансляция YouTube-тегі Recording Academy / GRAMMYs ресми каналында жүргізілді. "Грэммиге" ұсынылған алғашқы қазақстандық атанған Иманбек басты марапатқа ие болды.

Атақты болғанға дейін Иманбек теміржолшы болған, ол музыканы аяқ асты жаза бастаған. Бастамасы сәтті болғаннан кейін Иманбек Usher және Marshmello, Murana, Emma Peters, Stephanskiy, Parah Dice және Don Diablo сияқты танымал әртістермен тректер жазады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1903343-toqaev-gremmi-ielengen-tungys-qazaq-balasynyn-zenisin-quanyspen-qabyldady/

pixel