jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Халықты алдай алмаймын": Гүлзира Айдарбекованың пластика жасатқаны рас па

    Гүлзира Айдарбекова
    Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

    Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өзінің пластикалық ота жасатқанына қатысты қауесеттерге нүкте қойды. Қайрат Нұртастың анасы жас көрінуінің құпиясын ашты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Гүлзира Айдарбекова ел көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Ол пластикалық операциялардың көмегіне жүгініп көрмегенін кесіп айтты. Алайда, продюсер косметологиялық процедураларды жасатқанын жоққа шығармады.

    Қайрат Нұртастың анасына жас көрінуге арнайы бет массажы көмектесетіні белгілі болды. Айдарбекова бұл құпиясымен "Опмай-опмай" бағдарламасында бөлісті.

    "Өзіміз жасайтын косметологиялық процедураларды жарнамалап жататынымыз рас. Еңбегі ұнап, жұмысы көңілімізден шығып жатса халыққа айтамыз. Ал еңбектері ұнамай жатса келіспейміз. Мен халықты алдай алмаймын. Бір косметологияға бардым. Маған қатты ұнады. Ішкі бұлшық еттерді тартып массаж жасаған кезде бетіңіздің салбыраған жерлері жоқ бола бастайды. Өзіңіз байқайсыз. Содан кейін тағы 5-6 рет өздерінің тәсілдерімен жасайды.
    Мен Америка, Моңғолия, Германия, Қытай қай елде болмадым, солардың барлығында массаж жасатып көрдім. Жасатпаған жерім қалмаған шығар. Бірақ, біздің Қазақстанда Қытайдан артық жасай алады деп ойламаппын. Алайда, ондай мамандар бізде бар. Барлығы бетіме операция жасатты деп ойлайды. Алайда, бетім операция емес. Бұрынғы кезде көзімнің үстіндегі майды ғана алдыртқанмын. Ал арнайы пластика жасатпағанмын. Тоқпен нервтарды тартып қоятын процедура бар. Ол өте жақсы көмектеседі" , - деді ол.

    "Халықты алдай алмаймын": Гүлзира Айдарбекованың пластика жасатқаны рас па

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.