jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Ханшайым": Ерекше образдағы Жұлдыз Өмірғалиге ел тәнті болды (фото)

    Жұлдыз Өмірғали
    Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

    Отандық танымал әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали желіде жаңа суреттерімен бөлісіп, оқырмандарын қуантып қойды. Өнер иесінің ерекше нәзік образы көпшілікке ұнап, елдің ыстық ықыласына ие болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жұлдыз Өмірғалидің Instagram парақшасында жариялаған фотолары желідегілерді тәнті етті. Шоу-бизнес өкілінің ерекше образы көпшілік көңілінен шығып, түрлі пікірлерге ие болды.

    Суретте әншінің қызғылт түсті көйлекпен сахна төрінде тұрғанын көруге болады. Әртістің оқырмандары оны нағыз ертегідегі ханшайымға ұқсатты.

    Тағы кейбір желі қолданушылары өнер иесінің дене сымбатына жоғары бағасын беріп өтті. Олар Жұлдыздың бүгінгі мінсіз мүсініне қарап, оны екі баланың анасы деп айту қиын екенін алға тартты.

    "Өте сұлусыз" , "Көрікті, қылықты ару" , "Әдемі әнші" , "Сахна сені сүйеді", "Жұлдыз недеген әдемі едің" , "Керемет образ. Нағыз ханшайымдар сияқты болып қалыпсың" , "Қасыңа ханзадаң жетіспей тұр" , "Мына нәзік образ дәл сен үшін ойлап табылғандай" , "Жұлдызды екі баланың анасы деп айта алмайсың. Жап-жас, сұлу әрі талдырмаш мүсінді" , - деп жазуда халық.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.