jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Алматыда актриса Сая Оразғалиеваның үйлену тойы дүркіреп өтті (фото, видео)

    Сая Оразғалиева және Жәния Джуринская жолдастарымен
    Фото: Instagram/khizmetov

    Кеше, бесінші маусым күні қазақстандық актриса Сая Оразғалиева мен оның сүйіктісі Ілияс Иминов үйленді. Қос ғашықтың үйлену тойы Алматы қаласындағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мамыр айының соңында шариғат бойынша некелерін қиған Сая мен Ілияс күні кеше барша жақындарын жинап, үйлену тойын дүркіретіп өткізді. Мерекелік шара оңтүстік астанадағы қымбат мейрамханалардың бірінде таза ауада болды.

    Сая Оразғалиева жолдасымен
    Видеодан кадр: Instagram/luinaofficial

    Той кезіндегі суреттер мен видеолар әлеуметтік желілерде пайда болды. Сонымен қатар, актрисаның өзі Instagram парақшасында Stories бөлімінде тойы қалай өткенін көрсетті.

    Қос ғашықтың қуанышына жұлдызды достары да ортақтасып келген. Олардың арасында Дана Есеева, Кентал, Луина, Жәния Джуринская жолдасымен, Рано Ұмарова, Айман Құлымбетова және тағы да басқа өнер адамдары.

    Айта кетейік, бұл Сая Оразғалиева үшін екінші неке болмақ. Бірінші күйеуінен актрисаның бір ұлы бар.

    Алматыда актриса Сая Оразғалиеваның үйлену тойы дүркіреп өтті (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.